Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Алтын қор» сайты ашылады

«Алтын қор» сайты ашылады

«ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС-ның директоры Құрманбек Жұмағали:

Қазақ радиосының «Алтын қорында» 1959 жылдан бері «Ертегі» айдарымен 350 хабар дайындалған. Кейін олар «Ерден атаның ертегілері», «Зәмзәгүл әженің ертегілері», «Айдос атаның ертегілері» және «Сауық әженің ертегілері» деген атаумен жаңартылып, әр жылдары жазылған таспалар қайта топтастырылған. «Ертегі» айдарымен 70 қазақ ертегісі енді. 

Радио ұжымы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен қазақ ауыз әдебиетінің озық үлгілері топтастырылған жинақтың көпшілікке қолжетімділігін арттыру мақсатында оның арнайы сайты мен мобильді қосымшасын әзірлеуді де қолға алып отыр. Оны министріміз жаңа атап өтті. Бұл сайтта антологиямен қатар, «Тұлғалар», «Оқиғалар», «Керек дерек», «Балалар әлемі» сынды бөлімдер де орын алады. Және ол үнемі пайдалы контентпен жаңарып тұрады.