Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақтың әліппесі – дала фольклоры

Қазақтың әліппесі – дала фольклоры

Аманжол Әлбаев, айтыскер ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

«Адамзаттың ақыл ойының кемелі болып табылатын ұлы Абайымыз «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деп, ұлтық сананың бигінен сөз сөйлегенде, «Адамзаттың бәрін сүй «бауырым» деу арқылы планетарлық ойлау жүйесімен адамзаттық ойлау жүйесінің бигіне бірден көтерілген жоқ қой. Бала Абай әжесі Зеренің тізесіне басын сүйеп отырып, ертегілерін тыңдау арқылы, көсем ойлы би Құнанбайдың шешендік сөздерін, ордалы ойларын бойына сіңіру арқылы әлемдік деңгейге бірте-бірте көтерілді. Қазақ тарихындағы батыр, ақын, хан, ғұлама білімінің ең алғашқы әліппесі – дала фольклорынан басталды.  

***

Экономикалық әлеуетімен ғана емес, саяси сарабдал ұстанымымен ғана емес, рухани болмысын да дүниедегі алдыңғы қатарлы елдердің көшінде болу керек деп ойлаймын.

***

Дала фольклорын бойына сіңірген қазақ ата-анасын қарттар үйіне тапсырмайды, баласын жетімханаға өткізбейді, ұлтын сүйетін мемлекетшіл болады, Отанын тастап, ешқайда кетпейді.