Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Салтанат Рақымбекова: Әжем өмір өнегесін көрсетті

Салтанат Рақымбекова: Әжем өмір өнегесін көрсетті

«Әжемнің әңгімесі» хабарына қатысып, әже әлдиіндегі әлемімен бөліскен «Жасыл» экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту коалициясының басқарма төрайымы, э.ғ.д. Салтанат Рақымбекова.

Салтанаттың әжесі Шәйгүл Мәндібаева 1907 жылы дүниеге келген. Бұл қазақтардың басым көпшілігі өздерінің туып-өскен атамекен жерлерінен айырылып қалудан қауіптеніп, отырықшы егіншілікті кәсіп етуге көшкен уақыт еді.

«Әжем сегіз құрсақ көтерген, бірінен соң бірі шетіней бергеннен соң, менің әкемнің атын Темірқұл деп қойыпты. Осы бала тоқтасын деген қазақ ырымы ғой»,- дейді Салтанат Рақымбекова.

Тағдыр Шәйгүл әжейге сол Темірқұл ұлынан 10 немере сүюді жазыпты. Тұңғышы Салтанат сол тамырын тереңге жайған шаңырақта, ошақ басында, таңғы алтыда туған. Салтанатты болсын деп атын қойып кеткен Шәйгүл әжесі. Әулеттің әлеуетін әлсіретпей, балаларының қадамы нық, ойы айқын, тіпті келбеті келісті болуына дейін қадағалап, өзі үлгі-өнеге көрсеткен. Жазғы демалыс уақытын Салтанат үнемі ата-әжесінің қасында өткізді. Дархан даланың топырағына аунап, мөлдір суын ішіп, саф алтын табиғаттың тылсым дүниесінің тұңғиығынан нәр алды. Үлкендердің тәлім-тәрбиесін көрді.

Сұхбатты толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

Хабардың редакторы- Альмира Елімсары.