Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Тектілік – ұлт көрсеткіші

Тектілік – ұлт көрсеткіші

Біз көп жағдайда батырды қара күштің иесі, ханды ақыл мен айланың иесі, биді сөздің иесі деп жатамыз, бірақ, бастысы олардың қанында, жан әлемінде, бойында бар ортақ қасиет – тектілік. «Көңіл көзі» хабарында осы қанмен сіңіп, тәрбиемен берілетін, ақылы мен білімі арқылы өрілетін тектілік туралы айтылды. Хабарға жыр аққуы атанып кеткен Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі ақын Марфуға Айтқожина қатысты. 

Қазақ тектілікті адамның өзін сақтайтын, өзі арқылы өмірін сақтайтын, өмірі арқылы ұлтын қорғайтын қасиет деп түсінген. Халқымыздың тектілікті зерделеуден туған келесі бір ұғымы отбасылық тәрбие, ата-ананың балаға үйретер әдебі жөнінде. Қазақтың ақын қызы Марфуға Айтқожина шет жақта өмірге келгенімен қазақ жері оның атажұрты. Атасы Айтқожа суырып салма ақын, топ жарған шешен, 14 жасынан билік айтқан би болған. Кейін қажылыққа да барған. Тіпті, оны құрметтеген халық Қапал арасанды Айтқожа арасан, Айтқожа жайлауы деп атап кеткен.

Сұхбатты толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

Хабардың редакторы: Альмира Елімсары.