Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Әнші даңқы – халық мақтанышы

Әнші даңқы – халық мақтанышы

Халықтың шынайы құрметіне лайық жандардың бірі - әнші Мүсілім Абдуллин екеніне ешкімнің таласы жоқ.

Өнер тарланының жастық шағы қиын жағдайда өтті. Бұғанасы бекімей жатып еңбекке араласты. 16 жасқа толғанда, яғни, 1932 жылы Мүсілім аға музыкалық білім іздеп Алматыға келеді.

Әнші Мүсілім Абдуллинге ең алғаш музыка әлемін ашқан әншілер Писаренке, Диянти болды. Әрине, негізі бастауын ол халық әндерінен алды. Одан кейін қазақ өнерінің ірге тасын қалаған Әміре Қашаубаев, Күләш Байсейітова, Қанабек Байсейітов сияқты өнер тарландарымен бірге сусындады. Қазақтың әншілік мұрасының алтын қазынасы «Екі жирен», «Қызыл бидай», «Сырымбет», «Зәуреш» сияқты қанды ойнатып, жанды жадырататын ғажайып туындылар Мүсілім Абдуллин репертуарының берік қазығы, әрі арқауы болды.

Қазақстанның халық әртісі, әнші Мүсілім Абдуллиннің дауысы Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақталған екен. Ол 1986 жылы үнтаспаға жазылған. Сұхбатты толығырақ бүгін сағат 15:10-да Қазақ радиосының «Дәуір үні» хабарынан тыңдай аласыздар.

«Дәуір үні» хабарының редакторы: Жанат Жанұзақ.

Мәтінін оқыған: Әбдірәлі Бөлебай.

Әуенмен әрлеген: Гүлжанат Байшотқызы.   

.