Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Сүйінші жаңалығымыз бар!

Наргиза нағашыларын 27 жыл көрмеген...

Наргиза Ешниязова нағашыларына іздеу салып, «Бармысың, бауырым?» хабарына хат жолдаған еді. Хат иесінің айтуынша, ол нағашыларын осыдан 27 жыл бұрын көрген. «...Біз Қарақалпақстанда тұрдық. Әкем қайтыс болғанда нағашыларым жетісіне келді, ол кезде 1992 жыл, мен 8 жастамын.... Содан бері нағашылармен туыстық қатынас үзіліп қалды. Анам Айман Мансұрқызы Жұмабаева 2010 жылы бұл дүниеден өтті. Туыстарымды тауып, табыссам деймін...»,- деген еді.


Бүгінгі хабарымызда Наргизаның арманы орындалды. Нағашысы Мұхамедқали ағамен 27 жылдан кейін «Бармысың, бауырым?» хабары арқылы тікелей эфирде табысты. Осылайша Жұмабаевтар әулетінің арманы орындалып, қаншама жыл бойы сарыла күткен сағыныш осымен аяқталды десек те болады. Жиенінің дауысын естіп, Мұхамедқали аға көз жасына ерік берді... Қуаныштарыңызға ортақпыз. Ақтөбе мен Өскеменнің арасында ат ізі суымасын дейміз.


Әр шаңырақта Қазақ радиосы қосулы болсын. Біз қоғамға қызмет етеміз. Жақыныңыз жаныңыздан табылсын!

«Бармысың, бауырым» хабары «Қазақ радиосының» әуе толқынында сейсенбі, 10:15-те тікелей эфирде өтеді. Студияның байланыс нөмірі: +7(717-2)75-72-75 және +77075355383 – WhatsApp. Хабардың жүргізушісі – Қымбат Досжан, редакторы – Әсел Асқарқызы.