Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ш.Пулатов: Жәрдемақы айлыққа айналуы керек

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзод Аббозұлы Пулатов «Құтты қонақ» бағдарламасына – мемлекет басшысының 10 тармақтан тұратын жұмыс бағыттары: елдің тұрмысын жақсарту үшін халықтың табысын арттыруға, сыбайлас жемқорлықты жоюға, сот және құқық қорғау жүйесін реформалауға, ел қажетіне бағытталған басқа да жоспарлары негізінде сұхбат берді. 

Бірінші бағытта – Президент «азаматтарымыз өз елінде алаңсыз өмір сүру үшін экономикалық өсім болуы тиіс» деп айтты. Әрбір жеке тұлға ел экономикасын дамыту үшін не істеуі керек? Бұл мақсатта өзінің пікірін білдірген Шерзод мырза: Әр адам алдымен өзіне сену керек. Бізге мінез керек! Қазақ тегінде ешкімге алақан жаймаған. Керісінше, қиын-қыстау заманда бір жапырақ нанын бөліп беріп, өзге ұлт өкілдері үшін де бауырмал болған. Міне, осы асыл қасиетті жоғалтып алмауы керек. 

Көп балалы отбасыларға көмек керек деп бастама көтеріп жатыр. Менің ойымша, қаражатты сол отбасының ер азаматына, яки әкелердің қолына ұстатқан дұрыс. Әр балаға берілетін жәрдем ақыны айлық есебінде жалақысына қосып беру керек. Сонда ер азаматқа жауапкершілік жүктеледі. Ал әкелеріне балаларының, жарының сенімі қалыптасады. Әкеме ұқсап еңбекқор боламын, табыс көп табамын деген ынтасы оянады. Құрметі күшейеді. Отбасында ер азаматтың беделі артады, - деген ойын айтты.  

Бағдарламаны жүргізген Гүлнұр Омарханқызы.

http://shalqar.fm/kz/archive/programs/programs_shalkar/kuttykonak/974172