Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Әлеуметтік көмек мұқтаж жандарға

«Құтты қонақ» бағдарламасында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Құрманұлы Еңсегенов және «Әлем халықтары жазушылар одағы» қоғамдық бірлестігінің президенті Қайрат Дүйсен Парман қонақта болды.

Сұхбат мемлекет басшысы жоспарлаған 10 тармақтан тұратын бағыттың негізінде өрбіді. Сенатор Сәрсенбай Еңсегенов: «Мемлекеттен берілетін әлеуметтік көмектерді зерделеп, қарап, соған мұқтаж адамдарға ғана беру керек. Жүз мың теңгелік айлыққа жұмыс жасағаннан гөрі, мемлекеттің жәрдемақысын алып, жата бергенді құп көретіндер бар. Бізде жұмыссыздық бар дейміз, бірақ еңбек күшіне адам жетіспеді» десе, «Әлем халықтары жазушылар одағы» қоғамдық бірлестігінің президенті Қайрат Дүйсен: «Біз кітап оқудан қалып барамыз. Классикалық еңбектерді, әлем классиктерінің туындыларын оқуды әдетке айналдырса, рухани бай адам еш жамандық пен азғындыққа бармайды» ,-дейді.

Бағдарламаны жүргізген Гүлнұр Омарханқызы.

http://shalqar.fm/kz/archive/programs/programs_shalkar/kuttykonak/978332