Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Арыс қаласының инфрақұрылымы бір айдың ішінде қалпына келтіріледі

Арыс қаласының инфрақұрылымы бір айдың ішінде қалпына келтіріледі

Арыс қаласының тұрғын үй қоры мен инфрақұрылымы бір айдың ішінде қалпына келтіріледі. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин мәлімдеді. 

Күні кеше Арыс қаласындағы қираған үйлерді қайта жөндеу үшін 17 секторға бөліп, 435 үйге жөндеу жұмыстары басталғаны жайлы хабарлаған болатынбыз. Енді міне, жұмыс жандана түсіп, 748 үйге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арыс қалалық ауруханасы бір айдың ішінде іске қосылады. 

Жарылыстан қираған Арыс қаласын қалпына келтіру мен төтенше оқиғадан зардап шеккен тұрғындарға материалдық, моральдық қолдау көрсетуден еліміздің бірде-бір аймағы шет қалмады. Алматы облысының тұрғындары да бірден көмек қолын созып, он жүк көлігінен тұратын қайырымдылық керуенін жөнелтіп, оларда тиелген азық-түлік пен киім-кешекті және тағы басқа да бірінші кезекте қажетті дүниелерді арыстықтарға тапсырып қайтты. Ал жетісулық құрылысшылар Арыс қаласының Алматы облысына жүктелген бөлігіндегі тұрғын үйлерді жөндеуге кірісіп те кетті. Жетісулық құрылысшылар барлығы 157 үйді қалпына келтіреді.

Алғашқы автокеруенді жөнелтуге облыстың барлық тұрғыны атсалысты, 56 миллион теңгенің дүние мүлкі мен азық-түлігі жеткізілді. Қазіргі кезде тағы 17 миллион теңгенің азық-түлігі, киім-кешегі және тағы басқа заттар жиналды. Жетісулық кәсіпкерлер арыстықтарға көмек ретінде 50 миллион теңгеден астам қаржы аударды. Сонымен бірге, 150 баланы қабылдап, Еңбекшіқазақ ауданы мен Қапшағай қаласында орналасқан лагерьлерде жаз бойы демалдырмақ.

Толығырақ, "Медиа шолу" хабарынан тыңдай аласыздар.

Хабардың редактор-жүргізушісі: Нұртас Нұрғали.