Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қанат Ислам халқына жеңіс сыйлады!

Қанат Ислам халқына жеңіс сыйлады!

Қанат Ислам: Ел мен жердің иесі де, киесі де біз!

Кеше, 5 шілдеде Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайда өткен бокс кешінің басты жекпе-жегі 10 секундқа да жетпеді!

Әйгілі боксшысы Қанат Ислам (25-0,20КО) доминикандық Хулио де Хесусті (27-1,25КО) сұрапыл бір соққымен сұлатып салды. Жекпе-жек арасындағы үзілістен кейін жанкүйерлер орындарына жайғасып болмай жатып, рингтен Қанаттың қарсыласын таппай қалды.

Негізі Хулио де Хесус та оңай қарсылас емес. Ол 28 жекпе-жек өткізіп, 27 мәрте жеңіске жеткен. Оның 25-ін нокаутпен аяқтаған мықты боксшы болатын. Жекпе-жек алдында да өзіне сенімді екенін мәлімдеп, «Бәрін рингте көрсетемін» деген болатын. Алайда рингте ештеңе көрсетіп үлгермеді. Қанатқа қарсы бір де бір қол сілтей алмай жеңіліс тапты. Қанаттың күтпеген жерден жасаған қатты соққысы сайыстың бірден нүктесін қойды! Шаршы алаңға шыға сала, шаң шығарып атой салған Қанат Ислам бауырымыз жекпе-жекті қатты сағынып қалғанын, тұла бойын тұтас күш кернеп тұрғанын көрсетті! Дәл осы қалпында Қанатты әлемнің қай боксшысына салсаң да жапырып өтердей қайраты қайнап тұр. Себебі Қанат Ислам аяғынан жарақат алып қалуына байланысты екі жылдық ұзақ үзілістен кейін шаршы алаңға енді шығып отыр. Көрермендер көріп те үлгермей қалған, бәлкім әлемдегі ең жылдам нокаут болған жекпе-жектегі керемет жеңісінен кейін Қанат Ислам орта салмақтағы WBO Inter-Continental белдігін беліне байлады.

Иә, бокс кешін әдемі жүргізіп отырған журналист Есей Жеңісұлы бауырымыз «жұптап отырған сөзімізді де айтып үлгермей қалдық» дегендей, иә, ең жылдам аяқталған жекпе-жек болды бұл. Қанат Исламның өзі толқып тұрып, Мұқағалидың «Ең бірінші бақытым xалқым менің» деген жырының бір шумағын оқыды:

"Бұл жеңісімді қара ормандай халқым, өздеріңе арнаймын! Сендер барда, біз бармыз! Тәуелсіздік бар! Осының бәрі Тәуелсіздіктің арқасы. Осы жолғы жарысқа үлкен демеушілік көрсетіп отырған біздің президентіміз Қасым-Жомарт Тоқай мырзаға алғысымыз шексіз! Сол кісінің командасының арқасында осындай үлкен жекпе-жекті ұйымдастырып отырмыз. Бұл елдің жақсы-жаманына, ыстық-суығына күйіп, барлық жұмысын істейтін осы біз қазақтармыз! Осы ел мен жердің иесі де, киесі де – біз! Біздің мақсатымыз – әлемдегі барлық қазақтарды елге тарту! Қазақ жастарына жол ашу. Біздің Алматыны әлемнің барлық жерінен келетін керемет туристік қалаға айналдыру керек. Елім, Жерім дейтін Ерлер көп болсын! Барлығыңызға көп рахмет!" - деген Қанат Ислам Қазақстан Президентінің Баспасөз қызметінің басшысы Берік Уәли ағасына ризашылық білдіріп, оны ортаға шақырды. Берік Уәли Қанат бауырын микрофонымен қоса қапсыра құшақтап үш рет көтеріп, өз ризашылығын білдірді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық сәлемін жеткізіп, құттықтау сөз сөйледі. Сонымен бірге рингке Қанаттың шақыруымен Qazaq Promotion директоры Дархан мырза да көтерілді.

Жекпе-жекке шығар алдында телеарна Қанаттың дайындық бөлмесін көрсетті.

Қанат домбыра тартқызып, қазақ күйінің құдіретті әуенінен қуат жинап отырды. 

Қанат Ислам шаршы алаңға қазақтың ұлттық шапанын киіп шықты.

Қанат Исламның бокс әлеміндегі аты «QAZAQ»

Ұлтшыл бахадүріміз осы жеңісіміен ұлтына рух сыйлады!


Дереккөз: qazaquni.kz