Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Арландар» футбол клубы халықаралық Брага кубогын жеңіп алды

«Арландар» футбол клубы халықаралық Брага кубогын жеңіп алды

Португалияның Брага қаласы 2018 жылдан бері Еуропаның «спорт қаласы» атанған. Сол уақыттен бері спорттың барлық түрінен әлем чемпионаттары мен халықаралық жарыстарды ұйымдастырумен келеді. Солардың бірі, футболдан балалар арасындағы Брага кубогы. Аталған жарысқа жеті жас категориясы бойынша әлемнің 9 елінен 98 команда, 1800 футбол ойыншылары қатысты. Қазақстанның намысын қорғаған «Арландар» клубы соның U13 және U11 жас категориясы бойынша додаға түсті. Әр елден сұрыпталып, ең мықты деп танылған ойыншылардың ешқайсысы да осал емес. Еуропаның «Бенфика», «Спортинг» секілді атақты футбол клубтары мен «Гюмараенш» сынды академия футболшылары бақ сынады.  

Біздің жерлестеріміз барлық спорт түрлерін игеріп, әлемге танымал тұлғалар қатарын толықтырғаны бәрімізге белгілі. Тек футбол ойыны ғана елімізде ақсап тұрған спорт түрі. ФИФА-ның рейтингісінде 130-орыннан көтеріле алмай келеді. Осы орайда, футболдың отаны саналатын, бізден кемі 50-60 жылдық тәжірибесі бар Еуропа ойыншыларына лайықты деңгейде ойын көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінген жас футболшыларымыз – ел естімеген ерлік жасады. Алаш жұртының айбынын асқақтатқан ойыншыларымыз Брага кубогын иеленіп, зор ілтипатқа бөленді.

«Арландар» футбол клубы Қазақстан тарихындағы Португалияда жыл сайын өтетін балалар арасындағы халықаралық футбол турнирінен жеңіс тұғырына көтеріліп, бірінші орынға табан тіреген алғашқы ойыншылар. Жерлестеріміз 30 маусым мен 7 шілде аралығында өткен турнир барысында сегіз ойын өткізіп, жетеуінде жеңіске жетті.

Еуропа елі көз тіккен футбол турнирінде жеңісті қолдан бермеген Арландар барша қазақ баласына үлгі болып, жігерін жани түсетіні сөзсіз.