Елордада XV Еуразия халықаралық кинофестивалі аяқталды

Елордада XV Еуразия халықаралық кинофестивалі аяқталды

Елордада XV Еуразия халықаралық кинофестивалі мәресіне жетті. Қазақстан орталық концерт залында ауқымды шараның жабылу рәсімі өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімі де белгілі. 

Фестиваль ұйымдастырушысы, продюсер – Қанат Төребай, режиссер, Қазақстанның халық әртісі, қазылар алқасының мүшесі – Талғат Теменов студиямызға арнайы келді.

Халықаралық шара туралы шетелдіктер көзқарасы, туындыларды іріктеу, байқау талаптары мен ерекшеліктері жөнінде әңгіме өрбітті.

Кинофестиваль қорытындысы:

«NETPAC таңдауы» конкурстан тыс бағдарламасының жеңімпазы – ресейлік «Алпауыт» лентасы.

«Хабар» агенттігінің ерекше дипломдары – татар режиссері Юлия Захарованың «Халима» фильміне, сондай-ақ режиссер Азиз Заировтың «Теңіз және қыз» фильміне табысталды.

Үздік қысқа метражды фильм үшін Гран-при қытайлық «Жарқын күндер» кинолентасы.

Қазылар алқасының арнайы жүлдесі – өзбекстандық Шокир Холиковтың «Шәй» фильмі және беларусь Митрий Семенов-Алейниковтың «Франка» фильмі.

Үздік актер жүлдесін «Эхо» фильмі үшін Йорам Толедано алды.

Үздік актриса – «Алиса» фильміндегі рөлі үшін Эмили Пипоннье.

Қазылар алқасының арнайы жүлдесі Любовь Борисованың «Менің төбемнен күн батпайды» картинасына бұйырды.

Үздік режиссерлік жұмыс номинациясы – оңтүстік кореялық «Паразиттер» фильмнің режиссері Пон Джун Хо.

Үздік сценарий – «Құдай бар, оның есімі Петруния» фильмінің авторлары Теона Стругар Митевска мен Эльма Татарагич.

XV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің гран-приі – отандық режиссер Фархат Шәріповтың «Тұлғалық өсу тренингі» фильмі.

Толық ақпаратты хабардың аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.