Селфи жасаймын деп көз жұматындар қатары артты

Селфи жасаймын деп көз жұматындар қатары артты

Le Figaro басылымының жазуынша, селфи акулаларға қарағанда бес есе қауіпті болып шықты. 

Соңғы онжылдықта планетаны басып алған селфи сәнге айналып, акулаға қарағанда бес есе жиі өлім себепшісі болды. Сондай-ақ жыл сайын смартфондар танымалдығы артып, селфиден көз жұматындар қатары да көбейе бастады деп жазады автор.

Ғалымдар соңғы алты жылда бүкіл әлем бойынша селфи жасау барысында үш жүзден астам адам қаза тапқанын келтірген. Дәл осы жылдар аралығында акулалар кесірінен елу адам көз жұмған. «Селфиге көбіне әйелдер құмар. Дегенмен, мұндай қайғылы оқиғалардың төрттен үші ер адамдарда болады. Олар өрт кезінде, қару ұстап немесе көліктен селфи жасап қаза тауып жатыр.

Селфиден болған өлім көрсеткіші бойынша 800 млн ұялы телефоны бар Үндістан бірінші орында тұр. Одан кейін Ресей, АҚШ, Пәкістан келеді. Автордың сөзінше, селфи жасау кезінде пойыз астына түскен немесе қайықтан құлап көз жұмғандар қатары артқандықтан, Үндістанда селфи жасайтын арнайы орындар жасалған. Мысалы, бір ғана Бомбей қаласында селфи жасауға арналған 16 орын бар. 

Бұл туралы «Аң-таң» хабарында айтылды.

«Аң-таң» хабарын әр сәрсенбі сағат 09:35-те Қазақ радиосының тікелей эфирінен тыңдай аласыз.