Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Халықтың алғысын да, қарғысын да алатын – актер»

«Халықтың алғысын да, қарғысын да алатын – актер»

«FILMFAN» студиясында театр және кино актеры, Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актеры Асылбев Қапаев және тележүргізуші, актриса Нұрбигүл Сағындыққызы қонақта болды. 

Телехикая, кино, дубляж тақырыптарында студия қонақтары әңгіме өрбітіп, тыңдаушы сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ, интерактив барысында Болашақ корпоративтік қорының кезекті қазақша жұмысы – «Арыстан патша» фильмі жайлы тыңдаушылармен ойын өткізілді. Жеңімпаздар аталмыш туындының жабық көрсетіліміне билет ұтып алды. 

Қос өнерпаздың пікірінше, актерлер халықтың алғысымен қатар, қарғысына да қалуы мүмкін. Оған дәлел – Асылбек Қапаевтың жағымсыз рөлдерді сомдағаннан кейінгі жағдайы. «Алжир» лагері туралы туындыда қатыгез кейіпкерді ойнаған соң ауыр сырқатқа шалдыққан актер сахнадан үш жыл үзіліс алады. Өзге де образдары үшін көпшіліктен ауыр сөздер естиді. Актер мұндай сәттерде барлығы рөлді шынайы жеткізудің жемісі екенін ойлап, шабыт алатынын айтады.

ФИЛЬМНЮСЬ 

*Өткен аптада Елордада 15 Еуразия халықаралық кинофестивалі өтті. Байқаудың бас жүлдесін Фархат Шәріповтің «Тұлғалық өсу тренингі» киносы жеңіп алды. Туындының әлемдік тұсаукесері 23-ші Пусан халықаралық кинофестивалінде өткен болатын. Бұған дейін 41 Мәскеу фестивалінде Гран-приге ие болды. 

*Әділхан Ержановтың «Түн құдайы» фильмі Канадада өтетін фестивальға қатысады. Бүгін басталған байқау 1 тамызға дейін жалғасады. Драма-фэнтези жанрында түсірілген туынды «Фантазия Интернайшнл фильм фестивальдің» «Камера Люсида» конкурстық бағдарламасы бойынша сынға түсіп жатыр. 

*«Мұзбалақ» анимациялық фильмі Ресейде өтетін кинофестивальға қатысады. Режиссер Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазының «Мұзбалақ» анимациялық фильмі Яраславта, Ресейде өтетін 14 ХКФ «Отбасымен бірге» конкурстық бағдарламасында көрсетіледі. Картина қазақтың саятшылық мәдениеті және адам мен бүркіт арасындағы достықты суреттейді. 

Толығырақ хабардың аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.