Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Еурокомиссияны бірінші рет әйел басқаратын болды

Еурокомиссияны бірінші рет әйел басқаратын болды

Еуропа парламенті сейсенбі күні дауыс беріп, Германияның қорғаныс министрі Урсула фон дер Ляйенді Еурокомиссияның төрағасы етіп тағайындады.

Еуропа парламентіндегі 383 депутат Урсула фон дер Ляйеннің кандидатурасын қолдап дауыс берсе, 327 депутат қарсы болды. 22-сі қалыс қалды.

Ол 1 қарашадан бастап Еуропа комиссиясының қазіргі төрағасы Жан-Клод Юнкердің орнын басады. Сөйтіп Еуропа одағы атқарушы жоғары билік органының басшылығына тағайындалған бірінші әйел атанады.

Айта кетейік, Урсула фон дер Ляйен ЕО саммитінің қорытындысы бойынша Еурокомиссияны 2019-2024 жылдар аралығында басқарады.

Дереккөз: inform.kz