Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Туризмді табыс көзі деп танысақ

Туризмді табыс көзі деп танысақ

Қазақ елі бұл саланың әлеуетін пайдалануды күшейткені жөн. 

«Атың барда жер таны, желіп жүріп». Ел аралап, өзге аймақтарды көріп-білуді артықшылық санаған қазақ солай деген. Бұл сөз бүгін де маңызын жойған жоқ, керісінше, заманның ең көкейкесті мәселесіне айналып отыр. Кейінгі жүз жылдықта туризм индустриясы атты экономикалық термин қалыптасып, орнығып қана қойған жоқ, әлемге ең танымал ұғымға айналды. Өйткені туризм әлемдік экономикада жетекші орын алатын алып индустрияның бірі. Мәселен, Дүниежүзілік туризм ұйымының келтірген деректеріне қарасақ, туризм – әлем бойынша жалпы ұлттық өнімнің 10 пайызын, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан аса бөлігін иеленді екен. Бұл – дүниежүзілік өндірісте әрбір 9-жұмыс орны туризмге тиесілі деген сөз. 

Жыл сайын жаз келгенде жұрт еңбек демалысына шығып, өзі тұратын елдің ішіндегі немесе шетелдегі демалыс орындарына барып демалғанды ұнатады. Әрине, ол үшін ең бастысы қаражатың болуы керек. Бірақ, тапқан табысын өз игілігіне жұмсаудан аямайтындар үшін шетелге шығып демалу қиын шаруа емес. Дегенмен жұрттың бәрінің әлеуметтік, қаржылық жағдайы бірдей емесін ескерсек, қазақстандықтардың жазғы демалысын қалай өткізетіні қызықтырары сөзсіз. Жасыратын несі бар, елімізде демалуға қолайлы, көрікті жерлер аз емес. Тек соны нағыз демалыс орнына айналдырып, туризмді дамыту әлі күнге шешілмей келе жатқан мәселе. Бурабай, Баянауыл, Ұлытау бөктері, Шарын шатқалы, Алтай, Алатау аймағы, бүкіл түркі жұртының рухани астанасы саналатын Түркістан, Каспий жағасындағы Кендірлі демалыс аймағы, Ақсу-Жабағылы қорығы сияқты жерлерді айта берсең таусылмайды. Тіпті мынау тұрған Қапшағай мен Алакөлдің өзін нағыз демалыс орнына айналдыра алмай отырмыз.

Толық ақпарат "Медиа шолу" хабарының аудионұсқасында.

Хабардың редакторы: Нұртас Нұрғали.