Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Рафаэль Надаль мен Новак Джокович Қазақстанға келеді

Рафаэль Надаль мен Новак Джокович Қазақстанға келеді

Әлем теннисінің жұлдыздары, испандық Рафаэль Надаль мен сербиялық Новак Джокович Қазақстанға келеді. Олар Нұр-Сұлтанда кездесу өткізеді деп жазады Olympic.kz сайты.

Спорт жұлдыздары қайырымдылық шарасы аясында матч өткізеді. Кездесу «Барыс Аренада» өтеді деп жоспарлануда.

Надаль мен Джокович 24 қазан күні кортқа шығады. Кездесу 19.00-де басталмақ. Новак Джокович әлемдік рейтингте көш бастап тұр. Ал Надаль екінші орында келеді. Екеуара кездесуде 28:26 есебімен сербиялық теннисші алда.

Толық ақпарат Қазақ радиосынан берілетін «Топжарған» хабарының аудионұсқасында.

Хабардың редакторы: Азамат Жомартұлы.