Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Кімдердің несиесі өтеледі?

Қазақстан Республикасы Президенті 2019 жылғы 26 маусымдағы «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту туралы» Жарлығына қол қойғаны белгілі.

Президенттік науқан кезінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сабақтастық негізінде Елбасының Стратегиясын жүзеге асыру ісін жалғастыруға, соның ішінде аса өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге уәде берді.

Осы жарлықтан кейін Президенттің атына кепілсіз тұтыну несиелерін төлеуге қатысты азаматтардан көптеген өтініштер келіп түскені белгілі. Бүгінде еліміздегі әлеуметтік тұрмысы төмен топтағы азаматтар (көпбалалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, жалғыз асыраушысынан айрылған отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алатындар, жетім балалар) түрлі себептермен қиын жағдайға тап болып, өз аттарына алған несиелік міндеттемелерін орындай алмай отыр.

Азаматтардың несиелік жүктемесі өсіп, таза табыс көлемі төмендеп жатыр. Адамдар өз несиелерін өтеудің жолдарын таба алмай отыр. Мемлекет басшысы ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев қарызға батқан азаматтарымыздың жағдайына бей-жай қарай алмайтынын айтты. Сондықтан Президент бұрын-соңды болмаған теңдессіз әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Тиісті Жарлыққа қол қойылды.  

Ендігі халықтың көкейіндегі сауал бұл үрдіс қалай жүзеге асып жатыр? Нақты кімдердің қарізі кешіріледі?

Осы күрделі сұрақтар төңірегінде әңгіме өрбітуге бүгін стубиямызға Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Нәси Сырым Қажымұратұлы келді.

Жүргізуші: Бағдагүл Рахметқызы