«Ақан сері» романы
Сәкен Жүнісовтың «Ақан сері» романы – қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік туындылардың бірі.
Ақан сері Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығын өзі өмір сүрген қоғаммен астастыра бейнелеген «Ақан сері» романы – өзіндік стильдік ерекшеліктерімен дараланады.
Романға өзек болған Ақан өмірі арқылы өнер адамының қалтарыс-бұлтарысқа толы тағдырын терең суреттейді. Автор Ақанның өмірімен шектелмей, ол туып-өскен ортаның, өмір сүрген заманның тарихи-әлеуметтік шындықтарын қамтыған. Бұл романда отаршылдық қамытын киген қазақ қауымының тағдыры айқын көрініс тапқан.
Бүгін «Көкжиек» хабарынан «Ақан сері» романының жалғасын тыңдай аласыздар.
«Көкжиек» хабары сағат 21:00-де Қазақ радиосының эфирінен беріледі.
Хабардың редакторы- Альмира Елімсары.