Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақ радиосына жаңа директор тағайындалды

Қазақ радиосына жаңа директор тағайындалды

Дулат Орынбасарұлы Абибуллаев «Қазақ радиолары» ЖШС Бас редакторы және Қазақ радиосының директоры лауазымына тағайындалды. 

Дулат Абибуллаев 1985 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің түлегі. Сондай-ақ экономист мамандығын игерген. БАҚ саласында 12 жылдан астам еңбек өтілі бар. «31 телеарна» медиахолдингінде редактор, «Өнер жұлдыздары» республикалық журналында PR-менеджер, шеф-редактор, Бас редактор, «Қазақстан кәсіподағы» газетінің Бас редакторы, ҚР Кәсіподақтары Федерациясының баспасөз-хатшысы қызметтерін атқарған. 2012 жылдан бері «Казақстан» РТРК АҚ құрамында жұмыс істейді, ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің журналисттік ПУЛ тобының тілшісі. «Алтын қалам», «Шабыт» Халықаралық шығармашылық байқауларының жүлдегері.