Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Дала дауылпазы Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл

Биыл қазақтың үш бәйтерегі - Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл. Осыған орай студия қонағы алыптарға қатысты қызықты да құнды ақпарлармен бөлісті.

Несіпбек Айтұлы: "Ғабит ағамыздың бір естелігі бар «Үшеуi үкімет басында жүрген кезде, атаққа әбден кемелденген кезде Алатаудың бауырына келіп киіз үй тіктіріп арнайы демалды, ішінде мен де болдым. Бірде үшеуі аяқтарын үш жаққа беріп, бір жастықта бастарын қосып жатыр екен, дәл осы сәт көз алдымнан үнемі кетпей тұрып алды» дейді. Қандай керемет көрініс. Қандай ірі тұлғалар... ", - деген естелігін ортаға салды.

Үш бәйтеректің мерейтойы жайында және өткен өмірі жөнінде толығырақ мұрағаттағы аудионұсқадан тыңдаңыз.

Жүргізуші: Мұхтар Тұртайұлы

http://shalqar.fm/kz/archive/programs/programs_shalkar/shalqar_shanyragynda/1016955