Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Арнайы хабар: Президенттің 100 күні

Арнайы хабар: Президенттің 100 күні

Бүгінде төрткүл дүние дүбірге толы. Жаһанды жайлаған дағдарыс алпауыт елдердің өзін абдыратып тастады. Демек, уақыт талабы қатаң. Қателікті кешірмейтін 21- ғасырда замана көші арқалатқан жүк те ауыр. Осы сындарлы шақта Тоқаевтың таңдауы қайсы? Қараша халықтың халіне қарасып, замана ағымын тамыршыдай дөп баса ала ма? Сын сағаттарда сыр алдырмай, ел дамуына қажетті өміршең бағдарламалардың бағытын біле ме? Бастапқыда осы бір күдік көптің көкейінде ұялағаны шындық.  

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында халықтың тұрмысын жақсартуға бар күшін салатынын айтқан еді. Оның бұл сөзі жалаң болмады. Нақтырақ айтсақ, атқарылуға тиіс он бағыттың әуелгі сөзін «халық» деп бастаған Президент тұрғындардың табысын арттыру үшін экономикалық дамуға ден қоятындығын қадап айтқан-ды. Әрине, болашақты болжау қиын. Алайда ерен еңбек, ұйымшыл іс, берекелі бірлік тау қопарып, тас жармай ма?! Осы он бағыт әр жүрекке үмітті үкілеп, сенімді ұялатты..

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент қызметіндегі алғашқы 100 күні тыныш өтті ме? Жоқ, әрине. Жаңа сапарлар, жаңа тағайындаулар, халықпен жүздесу, шетел басшыларымен кездесу, жаңа стратегияны жариялау, Арыстағы оқиға, бәрі болды. Бірақ, ол сын сағаттарда сүрінген жоқ, сағы сынбады, еңсесі езілмеді. Өзіне тілекші халқының барына сенді. Ия, қоғамның мемлекет басшысынан үміті зор, жаңашылдық, тың бастамалар, нақты нәтижені әлі де күте бермек. Ал, өткен 100 күн қарбалысқа толы болғанмен, халықты қуантқан игі бастамалармен тарихқа қатталмақ.

Толығырақ Президенттің 100 күніне орай дайындалған "Арнайы хабардың" аудионұсқасында. 

Хабардың редакторы: Жанат Жанұзақ.