Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ұлының ертеңіне алаңдаған ана

Ұлының ертеңіне алаңдаған ана

«Мың алғыс» хабарының бүгінгі саны тыныс жолына зақым келген Ерасыл Серікұлына арналды. 

Ерасыл 2019 жылды ауыр сынақпен қарсы алды. Жаңа жылдық отшашудың кеңірдегіне кесірі тиді. Бір сәт дем жетпей қалса, тұншығып қалардай, не істерімізді білмей қаламыз. Ал үнемі тыныс жолын бақылап, жасанды түтікшемен тыныстаудың азабын басына түскен адамға ғана біледі. Ол еліміздегі бірнеше клиникада қаралды, шетелдік мамандардан да кеңес алды. Мәскеуде 7 қарашада арнайы операция жоспарланған. Операциядан кейін тыныс алу жолы қалпына келеді. Бірақ, даусынан, үнінен айырылып қалады екен. Бірақ Ерасыл «ең бастысы жақындарыма ауыртпашылық салмай, өз еркіммен жүріп тұрсам болды» деп, тәуекелге бел буып отыр. Ем-шараның құны 13 000 000 миллион теңге. Әлеуметтік желі арқылы 5 000 000 теңгесі жиналды. Қалған 8000 000 теңге табылса, ана мен баланың көңіліндегі уайымның бұлты сейілер еді. 

Ұлының ертеңіне алаңдаған анасы сұхбат бойы көз жасын тия алмады. Хабардың толық нұсқасын аудиодан тыңдай аласыздар. Ерасылдай қазақтың ер азаматы қатарынан қалмай, қанаты қайырылмай өмір сүруіне тілектес болайық.

Ерасылдың анасы Динагүл Даутбаеваның атына ашылған есепшот: 

KASPI GOLD: 5169 4971 3848 7529

ЖСН: 6103 2940 0607