Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Дала аристрократы Сәкен Сейфуллинге – 125 жыл

Дала аристрократы Сәкен Сейфуллинге – 125 жыл

Биыл қазақтың дауылпаз ақыны, жазушы, драматург, Қазақ КСР-нің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл.

Ақын Сырбай Мәуленовтың:

"Өлімге жан екенсің қия алмайтын,

Өлеңнің құшағына сия алмайтын.

"Қазақты көргің келсе, міне, осы" деп, 

Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын- деген жыр жолы-нағыз Сәкеннің аңызға айналған, сегіз қырлы, бір сырлы екенінің бейнесі. Ол елін, жерін сүйген адал, ұлтшыл перзенті, сәнді серісі, ақиық ақыны, күрескер қайраткер болды.

Олай болса, Алаш Аристрократының мерейтойына орай нағашы қарындасы, ардагер ұстаз, қоғам қайраткері Асылгүл Рақымжанқызының Қазақ радиосына берген сұхбатынан үзінді ұсынамыз.

-Сіз Сәкеннің нағашы қарындасы екеніңізді бірі білсе, бірі білмес. Ұлы тұлғаның жақын туысы болу да үлкен жауапкершілік жүктейтін шығар. Осы туыстық жайлы айтып өтсеңіз?

-"Жігіттің жақсысы нағашыдан" демекші, Сәкен ағамыздың анасы Жамал - менің апам болып келеді. Яғни, Жамал апамыздың туған інісі Әбіш менің туған атам. Сәкен атамызға ұқсап туған екен. Әбіш атам өте сымбатты, өте беделді, елге сыйлы азамат болған. Жамал ананың берген тәрбиесінің нәтижесінде Сәкен мықты тұлға болып қалыптасты деп ойлаймын.

-Жуырда Қарағанды облысы Жаңа-Арқа ауданының 90 жылдығы мен Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті. Бұл тойға ат басын бұрған шығарсыз? 

-Иә, Сәкен ағамыздың 125 жылдық, өзі туып-өскен Жаңа-Арқа деп аталатын ауданның 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиынның құрметті қонағы болдым. Мерейтой өте үлкен дәрежеде аталып өтті. Сәкен ақынды ардақ тұтқан барша қазақ еліміздің түкпір-түкпірінен ағылып келді. Мерейтой аясында ұлтымыздың барлық бай, асыл дәстүрі көрсетіліп, ұлттық спорт түрлері ойнатылып, ән мен жырдан шашу шашылды. Бұл күн тарихымызда қалу үшін аудан тұрғындары әлемдік рекорд орнатты. Бір уақытта 1000 күбіге құйылған 10000 литр бие сүтін ұлттық киім киген қыз-келіншектер пісіп шықты.

-Сәкен Сейфуллин атындағы мемориалдық мұражайында ілулі тұрған Жамал анамыздың "Дала мадоннасы" атты суретін сізге қарап салғаны рас па?

-Иә, бір өкініштісі тар заман уақытында Жамал апамыздың бірде-бір суреті сақталмаған. Бұл туралы 1988 жылы сол кездегі Ақмола қаласында Сәкен Сейфуллин атындағы мұражайды ашу барысында анықталды. Ұйымдастырушылар Жамалдың суретін таба алмай қиналды. Қуаныштысы, Сәкеннің нағашы жұртына тартып туғанын естелік бойынша білетіндіктен туған нағашы ағасы Әбіш атамыздың немересі мен іздеп тапты. Мен ол кезде Алматыда тұрамын. Суретші Бақытжан Мырзахметовтың қылқаламынан "Дала мадоннасы" суреті осылайша туды.

Сұхбатты толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар.