Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Месси алты дүркін «Алтын бутсаны» иеленді

Месси алты дүркін «Алтын бутсаны» иеленді

«Барселона» футбол клубының шабуылшысы Лионель Месси алтыншы рет «Алтын бутса» иегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews.com-ға сілтеме жасап.

Осы марапат жыл сайын Еуропа елдерінің ішкі чемпионаттарының өткен маусымдағы үздік сұрмергеніне тапсырылады. Өткен маусымда аргентиналық жұлдыз Ла Лигада 36 гол соққан.

«Мен командаластарым болмаса, бұл марапатқа қол жеткізе алмайтынымды айтайын. Бұл – бәрімізге ортақ марапат. Мұнымен командамыз түгел мойындалып отыр. Баршаға рахмет келесіде кездескенше», - деді Месси.

Айта кетейік, Месси бұл награданы алғаш рет 2009-2010 жылғы маусымда алған.