Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Асылайдың еміне 32 000 000 теңге керек

Қазақ радиосындағы "Мың алғыс" хабарының бүгінгі саны Асылай Нұрлановаға арналды. 

Шауып жүрген бала, аяқ астынан шаршап, мұрыны қанап әлсірей бастайды. Денесінде көгерген жерлер пайда болып, қызыл дақтар шығып кетеді. Бұл өзгерістердің нақты себебін дәрігерлер ұзақ уақыт анықтай алмайды. Бірнеше медициналық тексерулердің нәтижесінде миелодиспластикалық синдромға шалдыққаны анықталады. Енді оған жілік майының трансплантациясын жасау керек. Қазіргі уақытта Асылай Түркия мемлекетінде жатыр. Жілік майын ауыстыру үшін донор табылған. Алайда, операцияға қаражаты болмай отыр . Толық еміне 32 миллион 700 мың теңге қажет.  

Оның тек 5 500 000 теңгесі ғана табылған. Жалғыз анасы не істерін білмей редакциямызға хабарласқан еді. 

Балапанының өмірін сақтап қалу үшін шырыл қаққан ананың мұңын сейілтуге атсалысайық.

Асылайдың анасы Айнұр Саттарқызының атына ашылған есепшот:

KASPI GOLD: 5169 4931 7635 3731

CenterCredit: 4899 9327 4829 1804

ЖСН: 8804 0140 0464


Жүргізуші: Амангүл Ермекқызы