Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мәдениет жаңалықтары

Мәдениет жаңалықтары

1. Рүстем Әбдірашевтың «Қазақ хандығы. Алтын тақ», Ермек Тұрсыновтың «Шырақшы» және Фархат Шәріповтың «Тұлғалық өсу тренингі» фильмдері АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында қарашаның 6-ы мен 14-і аралығында өтіп жатқан Asian World Film Festival фестиваліне қатысып жатыр. Бұл туындыларды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген. Биыл фестиваль шеңберінде Түркия, Жапония, Үндістан сынды басқа да мемлекеттердің 50-ден астам туынды көрсетіледі.

2. Елордада әйгілі батыр Рақымжан Қошқарбаевтың 95 жылдығына арналған «Намыс пен Рух» атты рухани-патриоттық iс-шара өтті. Еске алу кеші Рейхстагта Жеңіс туын желбіреткен Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Кеш Оқушылар сарайының қабырғасында жалғасты. Елордалық театр әртістері соғыс жылдарында ерлiк пен қаһармандық көрсеткен батырлар туралы қойылым көрсетті. Қазақ эстрадасының көрнекті өкілдерінің орындауында патриоттық әндер шырқалды.

3. Алматыда Еуропа кинофестивалі өтіп жатыр. Еуропалық одақтың 16 елінен ұсынылған кино туындыларының арасында әр түрлі жанрдағы «Сезар», «Давид ди Данателло», «Хрустальный медведь» сияқты халықаралық марапаттардың жүлдегерлері бар. Үш күнге созылған фестивальдің кинокөрсетілімдері Mega park-те орналасқан «Chaplin» кинотеартында өтіп жатыр. Көрермендер «Үміт кеселі», «Диамантино», «Рэй және Лиз», «Шек», «Қысқы шыбындар» фильмдерін тамашалауға мүмкіндік алды. Бұл шара елімізде осымен төртінші рет өткізіліп отыр.

«Classic» радиосын Нұр-Сұлтан қаласында 102,7 FM, Алматы қаласында 102,8 FM, Ақтау қаласында 103,0 FM толқынынан тыңдай аласыздар.