Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазылар алқасын жылатқан қойылым

Қазылар алқасын жылатқан қойылым

Бүгін «Өнер алаңы» хабарында Ресейдің Челябинск қаласында өткен Халықаралық В.И.Милосердов атындағы жеке актерлік жұмыстардың VIII фестиваль-конкурсыда «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясын жеңіп алған Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актрисасы Бақыт Жұмағұлова қонақта болды.

Бақыт Жұмағұлова 1986-1988 жылдары М. Әуезов атындағы академиялық драма театрының жанындағы драма студиясы Әубәкір Рахымовтың сыныбына қабылданды. 1988-1997 жылдары Талдықорған қаласының қазақ драма театрында актриса қызметін атқарды.

1997 жылдан Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында еңбек жасап келеді.

2002-2005 жылдары Қазақ музыкалық Ұлттық Академиясының театр және кино бөлімінің актер мамандығын бітірді. Театрдағы рөлдері: М.Хасенов «Қош бол ардағым», М.Әуезов «Қанды азу», «Қарагөз»-Үш әйел, Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек»-Дүрия, Ш. Айтматов «Ана-Жер-Ана» - Жер-Ана, Қ.Байсейітов, Қ.Шаңғытбаев «Беу,қыздар-ай»-Айсұлу,Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер» - Әлизә, Е.Жуасбек «Үйлену» - Мерек, «Антивирус» - Фатима, Ф.Оңғарсынова «Даланың күйші Динасы»-Динаның жеңгесі, М.Фриш «Дон-Жуанның думаны» - Донна Изабелла, Ш.Мұртаза «Бір кем дүние». Актриса моноспектакль жанрында тынбай еңбектеніп жүр. 2015 жылы «Ана жүрегі» атты моноспектакльмен шығып көрермен жүрегін жаулаған болатын. Шығарма «Адамзаттың Айтматовы» атанған Шыңғыс Айтматовтың «Құс жолы» повесті негізінде «Ана жүрегі» атауымен сахналанды. Қойылым өзге қойылымдардан ерекше, тың жаңалықтарымен есте қалды. Шығарманы қазақ тіліне ау-дарған Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі жазушы Шерхан Мұртаза болатын. Режиссері – танымал актер, Қазақстанның халық әртісі Тілектес Мейрамов.

 Бұдан басқа драматург Сая Қасымбектің «Етікші» спектаклін «Таға» театры сахналаған болатын. Ол жерде актриса екі рөлді қатар алып шықты.

 Міне, биыл араға төрт жыл салып режиссер Айдын Салбан сахналаған Ш.Айтматовтың "Ана мен ала" моноспектаклі Ресейде «Үздік әйел бейнесі» және «Үздік спектакль» номинациясы бойынша жүлделі болды. Бұл актриса мен режиссердік үздік тандемінің шыққан туынды. Бұл жеңіс тек актрисаның, Қаллеки театрының жеңіс емес, барша қазақ театрларының жеңіс.

Фестиваль жөнінде толығырақ аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.

Сұхбатты жүргізген Толқын Сұлтан.