Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қапаш Құлышева: ҚазКСР Еңбек сіңірген әртісіне 8 мәрте ұсынылдым, бірақ...

ҚР еңбек сіңірген әртісі, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, танымал әнші Қапаш Құлышеваның биыл сахнада еңбек еткеніне 50 жыл.

Осыған байланысты әнші ұлттық тәрбие жөнінде сыр шертетін, адамның асыл қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ететін "Шалқар" радиосының «Өнеге» хабарына Қазақ ұлттық өнер университетіне қарасты өнер мектебіндегі шәкірттері Мирас Есенов, Айзия Өтебалы, Әзім Ескеновпен бірге келіп, радиотыңдаушылардың сұрақтарына жауап беріп, сүбелі сұхбат берді.

Мемлекеттік «Гүлдер» ансамблімен есімі бірге келе жатқан күміс көмей әншінің биыл жеке шығармашылық кеші аталып өтеді. «Көкшетаудың кербез сұлуы» атты шығармашылық есеп беру концерті 6 желтоқсанда Қазақ ұлттық өнер университетінің «Жамбыл» залында сағат 17.00-де өтеді. Келем деушілерге есік ашық яғни, тегін»,-  дейді студия қонағы.

Саналы ғұмырын қазақ елінің дәстүрлі өнерін дәріптеуге арнаған өнер иесі қашанда зор құрметке лайық. Қазақтың ән әлемінде ешкімге ұқсамайтын әдемі үнімен, орындаушылық шеберлігімен ерекше. Сахнада ән салғанда табиғи қазақы сұлулыққтың символы іспетті, қашанда өскелең ұрпаққа үлгі болған, аты аңызға айналған әнші мерейлі 70 жылдығы мен сахнадағы 50 жылдығын өзі дәріс беретін Қазақ ұлттық өнер университетінде, шәкірттерінің арасында өткізуі бекер емес. Қазақ елінің дәстүрлі ән мектебінде дара жолын қалыптастырған Қапаш Құлышеваның қызықты әрі боямасыз сұхбатын төмендегі сілтеме арқылы және видеонұсқадан тыңдай аласыздар.

https://qazradio.fm/shalqarfm/kz/archive/programs/programs_shalkar/shalqar_onege/1054829

Бағдарламаны жүргізген Ләззат Тиышбекқызы.