Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Юлиянна Кривошапкина: Біз хомусты тарта отырып, махаббатымызды да білдіреміз

Юлиянна Кривошапкина: Біз хомусты тарта отырып, махаббатымызды да білдіреміз

«Түркі әлемі» хабарының бұл реткі саны түркі тілдес халықтардың ішіндегі құпиясы мол саха еліне арналды. Хабар қонағы –Якутиядағы Саха Мемлекеттік эстрада театрының әртісі, хомусшы Юлиянна Кривошапкина. 


Юлияна Виссарионовна Кривошапкина – якуттың әншісі, хомуста ойнауды әлемдік деңгейге көтерген кәсіби маман. 1979 жылы 21 шілдеде Якут АССР -інің Эльгээйи Сунтар ұлысында туған.

2010 жылы түрік жастарының Халықаралық конкурс-фестивалінде I орын алып, лауреат атанған. Республикалық «Этиген-Хомус-2011» байқауында «Дәстүрлі ұлттық стильді үздік орындаушы», «Ыстықкөл-2012» Халықаралық байқауында I орын алып, лауреат атанды. VIII Халықаралық «Шығыс базары – 2012» музыкалық байқауында II орынды иеленді. Түркияның Силифке қаласында, ТҮРІКСОЙ түркітілдес елдердің мәдениеті мен өнерін бірлесіп дамыту жөніндегі Халықаралық ұйымының қолдауынмен өткен III Халықаралық конкурста жүлделі орынға ие болды.

Хабарда саха халқының музыкасы мен аспаптары жайлы сөз қозғалады. Сондай-ақ, Семен Даниловтың сөзіне жазылған Юлиянна Кривошапкинаның өз әні «Туруйалар» яғни, бізше «Тырналар» әні, Игорь Ивановтың әрлеуіндегі Юлиянаның өз шығармасы «Уһуктуу» яғни,  «Ояну» атты композициясы орындалады. 

Толық ақпарат аудионұсқада.

Хабардың авторы әрі жүргізушісі: Толқын Сұлтан.