Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Бұрыннан келе жатқан медициналық тегін көмек өзгеріссіз қалады – Министр

Қазақ радиосының әуе толқынында жаңа жоба – «Ұлт саулығы» хабары.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған жолдауында медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін айта келе алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады деген болатын. Әлеуметтің қызығушылығын тудырып отырған, халық үшін сауабы мол, бірақ сауалы да жоқ емес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы «Ұлт саулығы» хабарында кеңінен айтылды.

Хабар қонағы: ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мырза. 


Елжан Біртанов "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйенің артықшылығы неде? Бұрыннан келе жатқан кепілдік берілген медициналық тегін көмек қала ма?" т,б сұрақтарға жауап берді.

«Ең маңызды шешім – тегін медициналық кепілдендірілген көмектің қалуы. Ол – мемлекет тарапынан төленетін жедел медициналық жәрдем, шұғыл көмек, яғни, ауруханаға жедел жағдаймен түскендегі емделу. Сонымен қатар, жалпы алғашқы медициналдық көмек – әр адамның өз поликлиникасынан алатын емі тегін негізде іске асуы жалғасады. Сосын онкологиялық, туберкулез, психиатриялық аурулар, тегін дәрі-дәрмектер, жалпы тегін медициналық көмектердің бәрі өзгеріссіз қалатын болады»,- деді Министр.

Сұхбатты толығырақ хабардың аудио және видеонұсқасынан тыңдай аласыздар.

Хабар жүргізушісі: Қымбат Досжан.