Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қ.Тоқаев: «Даңғазалықтан бас тартып, нақты іспен айналыстық»

Қ.Тоқаев: «Даңғазалықтан бас тартып, нақты іспен айналыстық»

Бүгін еліміздегі "Жастар жылы" қорытындыланып, келер жылға жоспарланған "Волонтер жылы" ресми түрде ашылды. Салтанатты жиынға Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қатысып, жастармен еркін форматта пікірлесті.

Жастар жыл бойы атқарған жұмыстарын Президентке баяндап, ауқымды шаралар өткізуге мүмкіндік берген Елбасы Н.Назарбаевқа, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевқа алғыс айтты. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас буын өкілдері өздерінің алға қойған мақсат-міндеттеріне қалай жеткенін айтып, табысқа жету жолдарымен бөлісті. Қ.Тоқаев ел жастарына артылар жауапкершілік мол екенін еске салды. Әрі жастардың дамуына жағдай жасау өзінің президенттік міндеті екенін атап өтті. Тоқаев бұл жыл жастарға той тойлау үшін емес, ой ойлау үшін берілгенін, сондықтан мүмкіндікті мүлт жібермегендер мемлекет қолдауына ие болғанын айтты. «Даңғазалықтан бас тартып, нақты іспен айналыстық» деді, - Мемлекет басшысы.  

Толығырақ Қазақ радиосының Арнайы шығарылымынан тыңдай аласыздар.

Жүргізуші - Жанболат Шәкім.