Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Dears: Димаш– қазақ мәдениеті мен музыкасының хабаршысы

Dears: Димаш– қазақ мәдениеті мен музыкасының хабаршысы

Нью-Иорктегі Джон Кеннеди атындағы халықаралық әуежайы өзінің тарихында көптеген танымал тұлғалар мен жарқын кездесулердің куәсі болғаны анық. Алайда АҚШ-тың ең ірі әуежайларының бірде-бірінде алыстағы Қазақстаннан келген әншіні дәл бұлай, үлкен салтанатпен қарсы алмаған болар. Димаш Құдайбергенді әлемнің түкпір-түкпірінен келген 150-ге тарта жанкүйері гүл шоқтарымен күтіп алды,- деп хабарлайды dimashnews.com.


Әртүрлі мемлекеттен жиналған көпшіліктің арасында жасы да, кәрісі де бар. Димашты қарсы алушылардың көпшілігінің қолдарында Қазақстанның көк туы желбірейді. Сонымен қатар сүйікті әншілерінің портреттік суреттерін де ұстап шыққандар кездеседі.

Жанкүйерлері қазақстандық танымал әншінің концертіне сәттілік тілесе, бірнеше сағаттық ұшудан кейін шаршаса да, Димаш оларға әдеттегідей алғыс айтып, бірге естелік үшін фотоға түсті.


Еске сала кетейік, Нью-Йорктегі 19 мың көрерменге арналған Barclays Center-де болатын Димаштың концерті жергілікті уақытпен 9 желтоқсан күні, Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 10 желтоқсан күні өтеді.

Димаш «Arnau tour ENVOY» аясындағы сапарының жаңа бағдарламасымен өнер көрсетеді деп күтілуде. Әншінің өзі бұрын айтқандай, концерттік бағдарлама көрермендерге қазақтың төл өнерін қазіргі заманғы интерпретациямен таныстырады.

Димаштың барлық қойылымдарынан ұлттық нақыштар байқалып тұрады. Осыдан жанкүйерлердің әншіні бүкіл әлемге қазақ мәдениеті мен музыкасының хабаршысы деп бекер атамайтынын ұғамыз.

Нью-Йорктегі шоудың негізгі тақырыбы – «Космос және Әлемнің шексіздігі». Әрине, бұл шараның әзірге айтылмайтын ақпараттары да бар, олар құпия түрде сақталады.

Бағдарламада Қазақстанның астанасы – Нұр-Сұлтанда өткен жазғы концерттің де ең жақсы сәттері қамтылған. Сонымен қатар осы бағдарлама үшін арнайы жасалған жаңа туындылар да бар.

Димаш әндерді қазақ, ағылшын, орыс және қытай тілдерінде шырқайды.