Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңа жұмыс орындарын ашуда қай облыс белсенді?

Жаңа жұмыс орындарын ашуда қай облыс белсенді?

Елімізде өткен 11 айда 400 мың жаңа жұмыс орны құрылған. Аталған мерзімде 261 мың тұрғын тұрақты, ал 139 мыңы уақытша жұмыспен қамтылған,- деп хабарлайды Қазақ радиоларының Жаңалықтар қызметі.

Ауылдарда 173 мың, қалаларда 227 мың адам еңбекке тартылған. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігінің мәліметтеріне қарағанда, ең көп жұмыс орындары көтерме-бөлшек сауда саласында ашылған - 42 мың, құрылыста - 41 мың, сондай-ақ ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында - 37 мыңға жуық.   

Жұмыс орындары 11 айда әсіресе Алматы (45,9 мың) және Қарағанды (32,4 мың) облыстары мен Алматы қаласында (44,3 мың) көптеп құрылған. Ең аз жұмыс орны Батыс Қазақстан (11,7 мың), Солтүстік Қазақстан (13 мың) және Қостанай (15, 8 мың) облыстарына тиесілі.

Айта кету керек, ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың тұрмыс деңгейін көтеру, оның ішінде жаңа жұмыс орындарын ашу әкімдердің жұмыс нәтижесінің тікелей көрсеткіші екенін айтқан болатын.