Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Үш жүздің күйін тең тартқан алғашқы қазақ қызы

Үш жүздің күйін тең тартқан алғашқы қазақ қызы

Қазақ радиосынан берілетін "Шіркін-ай!" бағдарламасының кезекті саны ҚР Еңбек сіңірген әртісі, күйші Айгүл Үлкенбаеваның шығармашылығына арналады.

Өнер қайраткері Ж.Жүзбаев «Үш жүздің күйін тең тартқан алғашқы қазақ қызы» деп бағалаған Айгүл Үлкенбаева 1998 жылы Республикалық күйшілер сайысында Бас жүлдеге ие болды. Оның орындаушылық шеберлігінің бір көрінісі – домбырадағы ғасырдың дыбыс интонациясын, ұлттық дыбыс мәдениетін сақтай отырып, 1991 жылы «Арай» ансамблінде домбыра күйлерін алғашқы күйші боп эстрадалық әрлеумен (бас-, ритм гитара, клавиш, ұрмалылар және т.б.) халыққа ұсынды. Бұл бағытта домбырада орындаушылықтың көкжиегін кеңейту мақсатында ол біраз ізденістер жасап, импровизациялық жанр - джаз-рокқа қадам жасады. Нәтижесінде биік талғаммен, екпіні мен метро-ритмі сәтті таңдалған күйлердің ғана джаз-рок стиліне қосылуға болатынын айқын көрсете білді.

Күйші 2002 жылы еліміздегі дәстүрлі музыканттардың арасында, соның ішінде тыңдарманы камералық кеңістікте болып келген домбырашылар арасында алғашқы боп Республика сарайында «Құлағыңнан кетпесін» атты жеке шығармашылық кешін берді.

Бағдарлама барысында Айгүл Үлкенбаева тыңдармандармен тікелей тілдесіп, сұраған күйлерін орындап берді. Күйші «Саз пернелі Сарыайшық» атты авторлық домбыра фестивальіне 40 жастан асқан үміткерлер қатыса алады,-деп мәлімдеді.

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.

Хабардың редакторы: Айсәуле Бейсенхан