Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Роза Рымбаеваға «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Роза Рымбаеваға «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рымбаева Роза Қуанышқызына жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы қаулы етті,- деп хабарлайды АҚОРДА.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан айрықша үлесі, ән өнерін насихаттаудағы ерекше еңбегі үшін: 

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын: 

Рымбаева Роза Қуанышқызы - «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК әртісі, Алматы қаласы. 

2. Өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін: 

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын: 

Макишев Тұрсынбек Шамбулұлы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы – «Жезқазғантүстімет» ӨБ кен өндірістік кешенінің ұңғылаушысы, Қарағанды облысының Жезқазған қаласы. 

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

                   Қазақстан Республикасының 

                            Президенті Қ.Тоқаев 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 29 қараша 

                           № 207