Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Үмітхан Дәуренбекқызы: Бүкіл әлем Абай арқылы қазақты таниды

«Шалқар шаңырағында» бағдарламасының бүгінгі қонағы – ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Мұңалбаева Үмітхан Дәуренбекқызы.

Сұхбат барысында Еуропада «Абай орталықтарын» ашатындығы туралы айтылды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Халқымыздың ұлы перзенті Абайдың тойы – той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек» - деген болатын. Студия қонағы Үмітхан Дәуренбекқызы Абайдың шығармаларын әлем тілдеріне аудартып, осы жолы Прагаға баратын сапарда жақында «чех тілінде» жарық көрген кітаптың тұсаукесері өтетіні жайында сөз қозғады. Осы уақытқа дейін, әлемнің 33 мемлекетінде қазақтың әдеби-мәдени орталығын ашып, ақын-жазушыларымыздың туындыларын насихаттап жүрген ҚР ұлттық академиялық кітапханасы бұл жолы да ешқандай ысырапшылдыққа жол бермей, тұлғалық ұлт болмысын толыққанды ашуды мақсатында ел тарихында өшпес із қалдырған Абайдың орталықтарын шетелде ашып, оқырманға аудиокітаптарын ұсынып, көрме ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

«Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай, бүкіл әлем хакім Абайды – ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, композитор ретінде кеңінен танып, Абай арқылы қазақ ұлтын тереңірек біле түспек. Ендігі менің арманым – халықаралық деңгейде «Абай оқуларын» ұйымдастыру!» - деді Үмітхан Дәуренбекқызы.

Хабардың редактор-жүргізушісі: Ләззат Тиышбек.

Толығырақ видео және аудионұсқада.

https://qazradio.fm/shalqarfm/kz/archive/programs/programs_shalkar/shalqar_shanyragynda/1073875