Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

ЖАҢАЛЫҚТАР 23.01.2020 (12:00)

ЖАҢАЛЫҚТАР 23.01.2020 (12:00)

Парламент Сенатының жалпы отырысында « ел Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау турал» Заңы қабылданды. «Алғашында жобаны «Ангара» ресейлік зымыранның негізінде іске асыру жоспарланған еді. Бірақ, «Ангара» зымыраны уақытында дайын болмағандықтан, Тараптар жобаны «Союз-5» зымыраны негізінде іске асыруды шешті», - дейді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев. Жалпы алғанда, Ресей Федерациясы зымыранды жасау үшін, ал Қазақстан жерүсті инфрақұрылымы үшін жауапты болады. Ол жұмыстарға 916 млн АҚШ доллары жұмсалады.

***

«Қазгидромет» мекемесінің мәлімдеуінше, алдағы үш күнде Шығыс Қазақстан мен Алматы облысында өзен суы көтерілуі мүмкін. Қызылорда облысындағы Сырдарияның да арнасынан асу қаупі бар. Бұл аймақтарда қалыпты ауа райының әсерінен су бетіндегі мұздар еріп, өзен-судың деңгейі қалыпты мөлшерден жоғарлайды. Осыған байланысты азаматтық қорғау бөлімі сақтық шараларына көшті. Жергілікті мекендердегі гидрологиялық жағдай толықтай бақылауға алынды. Төтенше жағдайлар комитеті адамдарды сақ болуға шақырады. Мамандар қандай да бір оқыс оқиға болса, 112 бірыңғай құтқару желісіне хабарласуды сұрайды.

***

Түркістан халықаралық әуежайы биыл пайдалануға беріледі. Әуежай 900 гектар аумақты қамтиды. Ол Түркістан қаласынан 16 шақырым қашықтық жерде орналасқан. Түрік компаниясы салып жатқан әуежай жылдың соңына қарай пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Қазіргі таңда Түркістан халықаралық әуежайының құрылыс алаңында 302 құрылысшы мен 102 арнайы техника жұмыс істеуде. Бүгінгі күні әуежай терминалының іргетасы аяқталып, ұшу-қону жолағына қажетті құмды-шағал тасты қоспаның бірінші қабаты төселуде. Терминал жылына 3 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсете алады.

***

Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Украинаның жоғары оқу орындарында бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша 40 грант ұсынады. Құжаттар 5 ақпанға дейін қабылданады. 30 грант «бакалавр», 10-ы «магистр» оқу дәрежесі бойынша. Оқу украин тілінде жүргізіледі. Грант бойынша оқу тегін, жатақханадан орын беріледі, ай сайын стипендия төленеді делінген таратылған ақпаратта.

***

Қазақстандық тенисші Зарина Дияс Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты. Дүниежүзілік рейтингте 73-ші орында тұрған Зарина екінші айналымда әлемнің 58-ракеткасы, ресейлік Анна Блинковамен кездесті.

***

Есеп - 6:4. Аса тартысты матч 2 сағат 8 минутқа созылды. Енді теннисші үшінші айналымда әлемнің оныншы, осы жарыстың 9-ракеткасы, Нидерланды өкілі Кики Бертенс немесе аустралиялық Арина Родионованың біреуімен шеберлік байқасады.

***

Қазақстан қор биржасының мәліметі бойынша валюта бағамы

1 АҚШ ДОЛЛАРЫ: 377 теңге 86 тиын

ЕУРО: 418 теңге 90 тиын

РЕСЕЙ РУБЛІ: 6 теңге 10 тиын