Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

ЖАҢАЛЫҚТАР 23.01.2020 (15:00)

ЖАҢАЛЫҚТАР 23.01.2020 (15:00)
  • Жаңа Boeing-777X ұшағы 24 қаңтарда алғаш рет ұшырылады.
  • Елордада бір түнде 100 жол көлік оқиғасы болды.
  • Павлодар облысы Ұлы Абайдың 175 жылдығын тойлауды бастады.


Шығыс Қазақстанда республикалық маңызы бар 5 жолдағы бірнеше бағыт пен өңір ішіндегі 4 жол жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, алдағы екі күнде өзен-көлдердегі су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Өйткені Қазгидрометтің мәліметінше, облыста бұл күндері ауа температурасы көтеріледі. Бұл өз кезегінде мұз қабатын ерітіп, су тасқыны қаупін күшейтеді. Мамандардың айтуынша, облыстағы 14 мыңдай тұрғыны бар 107 елді мекенді тасқын су басу қаупі бар. Дегенмен төтенше жағдайлар қызметі әзірге барлық су деңгейі шекті мөлшерден асқан жоқ деп отыр. Бұқтырмадағы мұздың қалыңдығы – 60 см. Ал Шүлбіні қабыршық мұз басып жатыр. Жалпы Қатонқарағай, Көкпекті, Алтай аудандарындағы қар мөлшерден екі есе көп.

***

Нұр-Сұлтан қаласында ауа райының қолдайсыздығынан 100-ге жуық жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Polisia.kz. Бүгін таңғы 9 шамасында 80-ші бағыттағы автобус жолдан шығып кеткен. Салонда 9 жолаушы болған. Жапа шеккендер жоқ. Бірнеше минуттан кейін оқиға болған жерде жедел жәрдем кілт тоқтап, оған 29-шы бағыттағы автобус келіп соғылады. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жалпы бүгін түнде қалада жүз жол-көлік оқиғасы тіркелген.

***

Павлодар облысы Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған шараларды бастады. Ертіс өңіріне Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің көрмесі келді. Ол облыс орталығында жаңадан ашылған мультимедиялық мұражайда өтіп жатыр. Көрмеге әкелінген жәдігерлердің арасында ақын ас жеген ет табағы, сыбызғы сияқты жеке бұйымдары да бар. Жалпы Абай музейінің қорында мыңнан аса картина бар. Ең таңдаулы деген «Жас Абай» картинасы алғаш рет жылжымалы көрме жәдігерлерінің қатарына енген. «Абай мұрасы» көрмесі ақпан айының ортасына дейін жалғасады. Көрмеден Абай оқыған Ахметриза мешіт-медресіндегі кітаптарды да көруге болады.

***

Америкалық Boeing компаниясы ауа-райының қолайсыздығына байланысты бейсенбіге жоспарланған 777X ұшағының алғашқы сынағын 24 қаңтарға қалдырды. Бұл туралы компания Twitter-дегі парақшасында хабарлады. Айта кетсек, өткен жылдың наурыз айында CNN әлемдегі ең ұзын жолаушылар ұшағы Boeing-777X-тің тұсаукесері болатыны туралы жариялаған. Жаңа үлгідегі екі қозғалтқышы бар әуе кемесі әлемдегі ең үлкен жолаушылар ұшағы болады.

***

Қытай коронавируспен күресіп жатса, Парагвайда денге безгегі өршіп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24». Парагвай президенті Марио Абдо Бенитес қауіпті дертке шалдығып, жұмысын шектеген. Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрі мәлім етті. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының температурасы 38 жарым градусқа дейін көтеріліп, дәрігерлер оның денге безгегімен сырқаттанғанын анықтаған. Айта кетейік, денге безгегі – субтропикалық және тропикалық климатты аймақтарда болатын қауіпті ауру. Індетті масалар таратады. Парагвайда биыл жыл басынан қауіпті дертке 94 адам шалдығып, 2 адам көз жұмған.