Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қорытынды жаңалықтар 14.02.2020

Қорытынды жаңалықтар 14.02.2020

Бірер сәттен соң Мюнхен қаласында Қауіпсіздік жөніндегі 56-Мюнхен конференциясы басталады.Оның жұмысына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады. Президент «Географиялық орналасудың маңызы: Орталық Азия туралы әңгіме» тақырыбында сөз сөйлейді. Сонымен бірге бірнеше мемлекет басшыларымен, халықаралық ұйымдардың, Германияның ірі компанияларының жетекшілерімен, сондай-ақ академиялық топтардың өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланған.

***

Алматыда «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында БҰҰ-ның 6 тіліне аударылған қазақ әдебиеті антологиялары авторларға тапсырылды. Салтанатты шараға Мемлекет хатшы Қырымбек Көшербаев қатысты. «60 автордың үздік туындылары енген антологиялар 93 мемлекеттің ірі кітапханалары мен оқу орындарына, мәдениет пен әдебиетке маманданған ғылыми орталықтарына таратылады»,- деді Мемлекеттік хатшы.

***

Үкімет басшысы Асқар Мамин Катар мемлекетінің сауда және индустрия министрі Али бен Ахмед әл-Кауари бастаған делегацияны қабылдады. Екі ел арасында визасыз режим орнатылған, жақында Нұр-Сұлтан мен Доха арасында тікелей рейстерді іске қосу жоспарланып отыр. Сондай-ақ Алматы мен Доха арасында да аптасына 7 рет рейстер орындалмақ. Тараптар биыл наурыз айында Қазақстанға Катар шейхі Тамим бен Хамад әл-Танидің келуін талқылады.

***

Педагогикалық мамандықтарға түсетін талапкерлер үшін шекті балл жоғарылайды. Мәселен, биыл оны 70 балға дейін арттыру жоспарлануда. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтты. Оның сөзінше, еліміз бойынша мұғалімдер тапшылығы 5.000 адам. Бүгінгі таңда 145 мың студент педагог мамандықтары бойынша оқып жатыр. Жыл сайын педагогикалық бағыттағы жоғары оқу орындарын 40 мың түлек тәмамдайды. Алайда маман тапшылығы сақталып отыр. Себебі, түлектер мектепке жұмыс істегісі келмейді және ынталандыру төмен.

***

Газбен жүретін көліктерді жабық автотұраққа қоюға тыйым салынған. Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер осылай деді. Оның сөзінше, өткен жылы Өрт қауіпсіздігі ережелеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізген Үкімет қаулысы қабылданған.

***

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов халық алдындағы есеп берді. Қазір қаладағы өзекті мәселелердің бірі түрғын үй. Алдағы 3 жылда барлығы 33 мың пәтерлі 652 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Толығырақ, өңірден тілшіміз Ерсұлтан Әмірбек баяндайды. Ерсұлтан, сөз кезегі өзіңізде.

***

Елімізде қайтыс болған адамның органдарын трансплантациялау тек туыстарының рұқсатымен жүргізіледі. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске осындай өзгерту енгізілген. Жалпы өзгертілген кодекс жобасы қазір қоғамның қызу талқысына түсті. Әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдар өз талап-тілектерін білдіріп жатыр. Оның ішінде әлеуметтік медициналық сақтандыру, вакцина жасау, сот-медициналық сараптама жүргізу сияқты мәселелер бар. Кодексті талқылау басында Қазақстанның медицина саласын халықаралық тәжірбиеге сүйене отырып дамыту жәйттары айтылды.  

***

Қазақстан автобизнес қауымдастығы автокөлік нарығындағы сатылым бойынша осы жылдың алғашқы айын қорытындылады. Қауымдастық мәліметіне сәйкес, ресми диллерлер өткен айда 1 951 жеңіл автокөлік пен жеңіл коммерциялық техника, 393 жүк көлігі мен автобус сатқан. Сондай-ақ, аратылған ақпаратқа сәйкес кейінгі бес айда сатылым жағынан Hyundai көлігі көшбасшылар қатарында. Қаңтар айында Қостанайда өндірілетін көліктің 1136 данасы сатылған.Равон, Lada, Toyota, Kia, Рено, Volkswagen, Lexus, Nissan және Skoda – сұранысы жоғары көліктер тізімінде.