Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

ЖАҢАЛЫҚТАР 17.02.2020 (9:00)

ЖАҢАЛЫҚТАР 17.02.2020 (9:00)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы интернет желісінің жұмысын қалпына келтіруді тапсырды. «Мемлекет басшысы Мюнхенде жұмыс сапарымен жүргенде елдегі интернет желісіндегі ақау жайында хабардар болды. Мемлекет басшысы барлық ақпараттық ресурстардың жұмысын қалпына келтіруді тапсырды», - деп жазды Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebooк-тегі парақшасында.

***

Еліміздің бірқатар өңір тұрғындары кейбір сайттарға кіре алмай, Интернеттің дұрыс істемей жатқанына шағымданып жатыр. Downdetector порталының хабарлауынша, Google іздеу жүйесі, Youtube бейне хостингі, Instagram әлеуметтік желісі, Telegram мессенджері жұмыстарында ақау байқалады. Beeline және Tele2 операторлары жағдайға қатысты түсінік берді. Опертор компаниялардың мәліметінше, интернет жұмысында кемшіліктер бар екенін мойындап, ол кемшілік жақын арада түзелеитінін, мамандар жұміс істеп жатқанын жеткізді.

***

Қытайдан эвакуацияланған 89 студент елордадағы Көпсалалы медициналық орталықтың жұқпалы аурулар бөлімінен шығарылды. « Өткен аптада Ухань қаласынан студенттер жеткізілген еді. Оның ішінде Беларусьтың - 5, Арменияның 1 азаматы бар. Олар 14 күндік карантинде болды. Бұл уақыт аралығында бірқатар зерттеу жүргізілді, соның ішінде коронавирус бар-жоғы анықталды. «Олардың ешбірінде коронавирус инфекциясы анықталған жоқ. Олар үйлеріне жіберілді», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас инфекционисі Сәуле Атығаева.

***

Әлемде 70-ке жуық әуе компания Қытайға рейстер орындаудан бас тартты. Бұл туралы Біріккен ұлттар ұйымы Халықаралық азаматтық авиация ұйымына сілтеме жасап мәлім етті. «ұйым ақпаратына сәйкес, бүгінде коронавирустың өршуіне байланысты әлемнің 70-ке жуық авиакомпаниясы Қытайға сапарларын тоқтатты. Тағы 50-і бұл елге рейстерін қысқартты. Осыған байланысты әуекомпаниялардың шығыны 4-5 млрд доллар шамасында бағалануда. Бұл сомада Қытайға халықаралық әуе жүк тасымалдарын және ішкі әуе тасымалдарын қысқартудың салдары ескерілмеген. Әуе ресйстерінің қысқартуынан Жапонияның туризм саласы 1,3 млрд доллар, ал Таиланд 1,2 млрд доллар жоғалтуы мүмкін», - делінген БҰҰ сайтында. Бүгінде Қытайда коронавирусты жұқтырдың саны 68 500 адамға жетті.

***

Иранда 5,8 балдық жер сілкінісі тіркелді. Зілзала Иранның оңтүстігіндегі Кешм түбегінде болған. Жер сілкінісінің ошағы 13 шақырым тереңдікте тіркелген. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.

***

Қазақстандық Абзал Әжіғалиев Дордрехт қаласында шорт-тректен әлем кубогы кезеңінде қола жүлдегер атанды. Ұлттық олимпиада комитеті мәлім еткеніндей, Абзал 500 метр қашықтықта үздік үштікке ілікті. Бұл қашықтықта оңтүстіккореялық Се Джун Лу алтын медальді жеңіп алды. Бельгиялық Стийн Десмет күміс жүлдеге ие болды.

***

Қазақстан қор биржасының мәліметі бойынша валюта бағамы:

1 АҚШ ДОЛЛАРЫ: 377 теңге 17 тиын

ЕУРО: 415 теңге 79 тиын

РЕСЕЙ РУБЛІ: 5 теңге 93 тиын