Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Дәурен Абаев: Жұмысты, несиені, бизнесті уайымдамаңыздар

Дәурен Абаев: Жұмысты, несиені, бизнесті уайымдамаңыздар

ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев коронавирустан қорғану құралдарын сатып алу үшін қанша қаржы бөлінгендігін айтты.

«Жұмысты, несиені, бизнесті уайымдамаңыздар. Мемлекет ешкімді тастамайды, көмектеседі. Зейнеткерлерге дәрі апаруға, мұқтаж жандарға азық-түлік апаруға көмектесеміз. Бұған дейін бірнеше рет айтқанымыздай, жұмыстан босағандар немесе ақы төленбейтін демалысқа шыққандар мемлекет тарапынан төлем алады», - Дәурен Абаев Хабар 24 арнасында өткен онлайн брифингте. 

Сондай-ақ, ол осындай жағдайда мемлекет тарапынан қанша қаржы бөлінгендігін айтты. 

«Бүгінгі таңда Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатып алуға резервтен 14,7 миллиард теңге бөлді. Оған қоса дәрігерлерге, полиция қызметкерлеріне және коронавируспен күресіп жатқан адамдарға жеке қорғаныс құралдарын сатып алу үшін 21, 4 миллиард теңге бөлінді. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс әкімдіктеріне жеке қорғаныс құралдарын, дәрі және медициналық құралдар сатып алуға 10, 7 миллиард теңге қарастырылған», - дейді ол.