Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар

Жаңалықтар

Соңғы ақпарат бойынша Елімізде коронавирустан 13 адам жазылып шықты. Оның 11-і Нұр-Сұлтан қаласында, екеуі Алматыда. Бүгін шыққан ақпарат бойынша жалпы вирус жұқтырғандар саны 204-ке жетті. Ең көп адам Нұр-Сұлтан қаласында – 117. Алматыда – 58 науқастіркелді. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.

*****

Коронавирусты анықтайтын экспресс-тест 4-5 мың теңге тұрады. Еліміздің тұрғындарын коронавирусқа тексеруді «Олимп» клиникалық-диагностикалық орталығы қолға алады. Бұл туралы egemen.kz сайтында жазылған. 

** ***

"30 наурыз бен 5 сәуір аралығы жұмыссыз апта болып жарияланды. Медицина, құқық қорғау және қала өмірін қамтамасыз ететін коммуналдық шаруашылық қызметкерлері жұмысын жалғастыра береді. Инфекциямен күрестің алдыңғы шебінде жүргендерді тасымалдау үшін көлік ұйымдастыруға көмек көрсетіледі. үйден шығуға болмайды. Енді қала көшелерін патрульдік қызмет қадағалайды. Бұл туралы бас шаһар әкімі Алтай Көлгінов айтты. Оның айтуынша, қазір зейнеткерлердің, диспансерлік есепте тұрған азаматтардың үйлеріне дәрі-дәрмек, қорғаныс құралдары және азық-түлік жеткізіліп жатыр. Өтініш iKomek 109 қызметі арқылы қабылданады.

** ***

Қарағандыда жас еріктілер мен Аналар кеңесінің мүшелері маска тігу және оларды қала көшелерінде адамдар мен қоғамдық көлік жүргізушілеріне тарату бойынша акция ұйымдастырды. Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы аймақтық штабының өкілдері мен волонтерлер қала көшелерінде жүрген адамдар мен қоғамдық көлік жүргізушілеріне медициналық маска таратты.

** ***

Оралда коронавирус туралы жалған хабар таратқан әйел ұсталды. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, кеше жедел іздестіру шаралары барысында 1986 жылғы қала тұрғыны анықталып, қолға түсті. Әйел БҚО полиция департаментінің тергеу басқармасына жеткізілді. Ол «Орал коронавирус анықталды, түнде қала маңындағы Желаев кентінде әйел ауруханаға түсті» деп жалған хабар таратқан еді. Қазіргі кезде тергеу амалдары жалғасуда.

** ***

АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 100 мыңнан асты. Жалпы қатерлі дерт Американың барлық штатында анықталған. Науқастар ең көп тіркелген аймақ – Нью-Йорк. Мұнда 40 мыңдай адам инфекция жұқтырған. Мыңнан астам азамат қайтыс болды. Ал бүкіл ел бойынша вирус құрбандарының саны 1700-ге жуықтайды. Осыған байланысты қазір Құрама штаттарда қатаң шектеулер енгізілген. Вируспен күрес жолында тұрғындардың сыртқа шығуына тыйым салынған.

** ***

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қостанай қаласына жасаған жұмыс сапары барысында Қостанай автомобиль зауытында «Chevrolet» маркасының жаңа модельдерінің Қазақстан-Өзбекстан бірлескен автоқұрастыру желісінің ашылу салтанатына қатысты. Телекөпір аясында ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС және «UzAuto Motors» АҚ бірлескен жобасын ресми түрде іске қосты. Жаңа өндірістік желіде осы жылдың соңына дейін 1 мыңнан астам жоғары өнімді жұмыс орны құрылатын болады.