Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар

Жаңалықтар

Азаматтрға арналған үкімет алаяқтықтың жаңа түрлері жөнінде ескертеді. Бүгінде әлеуметтік желілерде көптеген хабарландыру пайда болды, онда қазақстандықтарға жеке мәліметтерді сұрату арқылы электронды цифрлық қолтаңбаны алуға көмектесу ұсынылады. Сондай-ақ кейбір «алаяқтар» бұл жағдайды пайдаланып, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандардан ЖСН, ЭЦҚ, банк картасының нөмірін, тіпті оның пин-кодын сұрай отырып, әлеуметтік жәрдемақыны рәсімдеп беру қызметін көрсетуді ұсынады. Азаматтарға арналған үкімет қазақстандықтарды мұндай қызметтерге жүгінбей, олардан бас тартуын сұрайды. Қазір Facebook әлеуметтік желісінде «eGov помощь» тобы құрылды, олар азаматтарға электрондық үкімет порталын пайдалануды үйретеді. 

*****

Алматыда тағы бір науқас коронавирус дертінен емделіп, ауруханадан шығарылды. Осылайша Алмтыда , коронавирустық инфекция расталған, сауығып ауруханадан шығарылғандар саны 11 адам болды. Провизорлық орталықтарда 619 адам бар, оның ішінде 81-і — бала. Үй карантинінде 3853 азамат бар. Ал ел бойынша індетен сауығып кеткендер саны - 27 адам. Ел астанасында 16 адам індетті жеңіп, жазылды.

*****

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңірдегі коронавирус індетін жұқтырған науқастардың жай-күйі туралы баяндады. Оның сөзінше Қазіргі уақытта облыс бойынша инфекция жұқтырғандар саны 26-ға жетті. Оның ішінде Қызылорда қаласында - 6, Жаңақорған ауданында - 16, Қармақшы ауданында - 2, Шиелі ауданында 2 оқиға тіркелген. «Індеттің алдын алу шаралары толық жүргізіліп жатыр», - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

*****

Қостанайлық кәсіпкерлер 50 отбасына азық-түлік жеткізді. «Мұндай істі қолау әр пенденің азаматтық парызы ғой. Ауданның жеке кәсіпкерлері Ғабит Мұқанов пен Абзал Нығметовтердің ұйымдастыруымен көпбалалы 50 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Аз қамтылған әр үйге он келі күріш пен макарон, 25 келі ұн, бес литр сұйық май, жарты келі шайдан үлестірілді. 

*****

Президенттің мәлімдемесін – болып жатқан төтенше жағдайға жасалған терең талдау деп қабылдадым. Мұндайда бізге керегі бірлік пен ынтымақ. Бұл пікірді Жазушы , «Құрмет» орденінің иегері Мархабат Байғұт білдірді.

*****

Елордада блок бекеттерден кіріп-шығу бойынша ерекше режімді бұзған 99 адам жазаға тартылып, оның 84-і қамауға алынды. Наурыздың 28-31 күндері аралығында қалалық ПБ аумақтық бөлімшелеріне 421 адам жеткізілген. Төтенше жағдай режімін бұзғаны үшін 434 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 90-ы қамауға алынды, 221-іне айыппұл салынды,103 адамға ескерту жасалып, 20 іс соттың қарауына жіберілді. Кәсіпкерлік қызмет нысандары бойынша, 130 азамат жауапкершілікке тартылды. Оның 5-еуі қамауға алынып, 110-ына айымпұл тағайындалды,15 іс сотқа жолданды.