Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар

Жаңалықтар

42 500 теңге болатын әлеуметтік жәрдемақыны алу үшін клиенттердің карта шоттары пайдаланылуы мүмкін. Әлеуметтік көмек алуға тиіс клиенттердің банк шоттары бұғатталған немесе басқа да шектеулер қойылған жағдай анықталса, бұғаттан шығару қажет. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төтенше жағдай және карантин кезінде әлеуметтік көмек алу үшін карта шотын көрсету керектігін айтады. Толық ақпаратты 8 (727) 27 88 144 жедел байланыс телефоны арқылы білуге болады. 

*****

Еліміздегі ірі сауда нысандары, ойын-сауық орталықтары, кино-театрлар, көрмелер мен қоғамдық тамақтану, қонақ үй, туристік қызмет нысандары жылдың соңына дейін мүлік салығынан босатылды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілері де жыл соңына дейін жер салығын төлемейді. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін қосылған құн салығының мөлшерлемесі бірінші қазанға дейін 12-ден 8 процентке төмендетілді.

*****

Атырау қаласына кіріп-шығу толықтай шектелді. карантин кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ, қала аумағында белгіленген уақытша шектеулер талабын сақтау үшін 674 қызметкер, 68 автокөлік жұмылдырылған. «Прокуратура жанынан құрылған мобильдік топтар қала аумағында төтенше жағдай режимін бұзу фактілерін тексереді. Атырау қаласының 4 бағытына қойылған блок-бекетте ішкі істер органдарынан – 48, Қорғаныс министрлігінен 56 қызметкер кезекшілік атқаруда.

*****

Сәуірдің 3-нен бастап Маңғыстау облысы аумағында шектеу шаралары енгізіледі. Азаматтардың аймаққа кіріп-шығуына және облыс тұрғындарының қалалар мен аудандар арасына қатынауына тыйым салынады. Тек азық-түлік, дәрі-дәрмектерді тасымалдайтын жүк және жеңіл көліктер, сонымен қоса төтенше жағдай режимін қамтамасыз ететін арнайы және қызметтік көліктер қозғалысына ғана рұқсат беріледі. Ал медициналық, полиция, авариялық-құтқару және өзге де коммуналдық шұғыл қызметтердің жұмысы шектелмейді. Тұрғындар тек жұмысқа, азық-түлік пен дәрі-дәрмек сатып алуға және медициналық клиникаларға ғана бара алады. Карантин 15 сәуір -ге дейін созылады.

*****

Петропавл қаласы да карантинге жабылады. Облыста коронавирус жұқтырғандар саны 7 адамға жетті. Кеше 45 және 49 жастағы әйелдерден инфекция табылды.. Олар жұмыспен қамту орталығында жұмыс істеп, жаман індетті бұған дейін оқшауланған әріптесінен жұқтырған. Тағы екеуі – медицина қызметкері. Қазір науқастар ем қабылдап жатыр. Өңірде аурудың 3 ошағы белгіленіп, сақтық шаралары күшейтілді.

*****

Оралда жазасын өтеушілер 36 мыңға жуық медициналық маска тікті. БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аға инспекторы, әділет аға лейтенанты Дастан Ақшолақовтың айтуынша, коронавирустың таралуына тосқауыл қоюға үлес қосу мақсатында маска тігу қолға алынды. «РУ-170/3 мекемесінде өндірістік цех бөлінді. Жұмыс екі ауысымда атқарылуда. 29 жазасын өтеуші күніне 2 мыңдай маска тігеді. Бетпердемен алдымен департаментке қарасты қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар, содан кейін облыстық полиция департаменті қамтылды».