Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар

Жаңалықтар

Премьер министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов фб парақшасында коронавирустық инфекциямен күрестің алдыңғы шебінде жүрген медицина, полиция,шекара, қорғаныс жүйелерінің қызметкерлеріне алғыс білдірді. Сонымен қатар Ералы Тоғжанов Үкімет отырысында Мемлекет басшыыныың тапсырмалары қаралып, тіисті шаралар қабылднғанн жеткізді. Оның айтуынша, ең алдымен АӘК алатныдарды қоса есептегенде төрт млн азаматқа сәуір айынан бастап зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы мөлшері он пайызға артады. ТЖ кезінде демалысқа кеткен жұмысшылар, өзін өзі қамтыған үш млн ға жуық қазақстандық ай сайын ең тқменгі жалақы мөлшерінде әлеуметтік төлем алады. Азық түлікті тегін алатын азаматтардың қатары мүгелектер, мүгедек балалар және ресми тіркелген жұмыссыздармен кеңейтілді. Сақтандырылмаған азаматтар үшін МӘМС жүйесі арқылы медициналық көмек алу құқығы 1 сәуірден 1 шілдлеге дейін ұзартылды, дейді Ералы Тоғжанов фб парақшасында.  

*****

Әскери міндеттемесі бар қазақстандықтар отандастарымыздың денсаулығын сақтау және төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету үшін шақырылады. қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, азаматтар жергілікті елді мекендерде патруль жасауға, санитарлық тазалауға және көктемгі су тасқыны болған жағдайда оның салдарын жою жұмыстарына жолданбақ. Қазір Қарулы күштер шоғырланған өңірлерде күш бар. Ал олар жоқ жерге медициналық даярлығы бар, қазір денсаулық сақтау саласына тартылған азаматтар шақырылады. Сонымен бірге қызметте тәжірибесі бар мамандар блокпостарда, елдімекендерді патрульдеуге және ол жерлерді санитарлық тұрғыда тазартуға жұмылдырылады. Кейбір аймақта көктемгі су тасқынының салдарын жою процесіне көмектеседі. Сонымен қатар, министр мұндай тәжірибе бүкіл аймақта жүргізілетінін жеткізді.

 *****

Елімізде дағдарысқа қарсы шараларға 6 триллион теңгеге жуық қаражат бөлінбек. Үкімет резервінен бөлінетін қаржы үш бағытты қамтиды. Бірінші, төтенше жағдайдағы экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін 1,2 триллион теңге бөлінеді. Ұлттық экономика вице-министрі Жасұлан Мəдиевтің айтуынша, «Қарапайым заттар экономикасы« бағдарламасы бойынша жобаларды қаржыландыру үшін кредиттеудің жалпы көлемі 400 млрд теңгеден 1 трлн теңгеге дейін ұлғайтылды.

*****

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында күшейтілген карантин режимі өз нәтижесін бере бастады. Бұл жайында Қазақстан Президентінің кеңесшісі Ерлан Карин Facebook парақшасында жазды. Мемлекеттік комиссия екі қалада 28 наурыздан бастап күшейтілген карантин режимін енгізгеннен кейін коронавирус індеті таралуының өсім қарқыны баяулады», - деді Ерлан Карин.

*****

 «Birgemiz» қоры Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының дәрігерлерін қолдауға 100 млн теңгеден астам қаражат бөлмек. Қамқоршылық кеңестің төрағасы, «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек атап өткендей, бастапқыда қор қаражатын 100 мың мұқтаж азаматқа тарату жоспарланған. Әйтсе де, бүгінде өңірлерден түскен өтініштер саны айтарлықтай өскен, ал партияның онлайн ресурсына көмек сұрап хабарласушылар саны – екі есеге артқан. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының індетке қарсы іс-шараларға тартылған 2 мыңдай медицина қызметкеріне 100 млн теңгеден астам қаражат бөлінбек. Таяу уақытта қор басшылығы қос қаланың әкімдіктерімен бірлесіп қаражатты тарату тетіктерін тұжырымдайды және 50 мың теңге көлемінде біржолғы төлем алатын медицина қызметкерлерінің тізімін әзірлейді. Жалпы бүгінгі күні «Birgemiz» қоғамдық қорының есепшотына 13,2 млрд теңгеден астам қаражат түсті. Жинақталған қаражат туралы ақпаратты және өңірлер бойынша бөлінетін көмекті бақылап отыру үшін қор birgemiz2020.kz ресми сайтын іске қосты.