Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар

Жаңалықтар

03.04.2020 16:00

Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыссыз режим бір аптаға ұзартылды, ал Шымкентте карантин енгізілді. Тиісті шешімді Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия қабылдады. Осылайша, коронавирус инфекциясының таралуын шектеу мақсатында қызметі екі мегаполистің тіршілік әрекетін қамтамасыз етумен және тұрғындардың денсаулығымен байланысты ұйымдарды қоспағанда, барлық кәсіпорындар мен ұйымдар үшін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында күшіне енген жұмыссыз режим осы жылдың 13 сәуіріне дейін ұзартылады. Мемлекеттік комиссия Шымкент қаласы әкімінің биылғы 4 сәуір күнгі сағат 21:00-ден бастап қалада карантин енгізу туралы ұсынысын қолдады.. Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында тез тұрғызылатын құрылымдардан үш жұқпалы аурулар ауруханаларын салу туралы шешім қабылданды.

*****

Қарулы күштер бірінші күннен бастап әртүрлі міндеттерді орындауға атсалысып келеді. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, қазірдің өзінде елдегі 24 қалада 10 мыңға тарта әскери қызметкер жұмылдырылған. Олар патрульдеу, дезинфекциялау және тағы басқа қажетті шаралардың бәрін атқарып келеді.

«Жас сарбаз» әскери патроттық қозғалысының СҚО бойыныша филиал төрағасы Әкімжан Төлебайдың айтуынша, арнаулы жиынға шақыртуды қабыл алу – күрделі кезеңде патриоттықты таныта білудің мүмкіндігі.

*****

Ұлттық банк ШОБ-ты несиелеудің жаңа бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. Ұлттық экономика вице-министрі Жасұлан Мəдиетің мәліметінше, бұл мақсатқа 600 млрд теңге бөлінді. Кредит 1 жылға дейін несиелеу мерзімімен 8 пайыздық ставка арқылы айналым қаражатын толықтыруға беріледі. 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қабылдаған шешімге сәйкес, банктер, микроқаржылық ұйымдар және өзге де қаржылық институттар кредиттер бойынша негізгі қарыз бойынша төлем кешіктірілгенде айыппұл, өсімпұл және сыйақы есептемеуі тиіс. «Сонымен төтенше жағдай енгізілуінің нәтижесінде қаржылық жағдайлары нашарлаған шағын және орта бизнес субъектілерін 90 күнге дейін төлемдерін төлеуді тоқтата тұрады. Үкімет пен қаржылық реттеушінің ШОБ-ты қолдау бойынша қабылдаған бірлескен іс-қимылы кәсіпорындардың ағымдағы операциялық қызметін қолдауға мүмкіндік жасап, экономиканың одан ары өсімін ынталандыратын болады», - деді вице-министр.

*****

Қазақстанда чартерлік рейстерге талап күшейтілді. Енді азаматтар өз еркімен жүре алмайды. Алдымен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне хат жібереді. Одан әрі санитарлық-эпидемиялық қызметке жолаушылар саны мен азаматтығы туралы тізім жіберіледі. Рұқсат берілсе, сол тізім арқылы ғана Қазақстанға кіре алады. Жалпы, мемлекеттік комиссияның шешімімен қазіргі уақытта 97 халықаралық бағыт бойынша аптасына 440 рейс және 45 бағыт бойынша аптасына 540 ішкі рейс тоқтатылды. Алматы мен Нұр-Сұлтан әуежайлары 13 сәуірге дейін жұмыс істемейді.

*****

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеулерге қатысты 6 сәуірден бастап еліміздегі оқушылар қашықтан оқыту режиміне көшеді. Осы орайда Жамбыл облысында онлайн-оқытуға дайындықты пысықтау аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына он екі мыңға жуық компьютер берілді. Бүгінгі таңда аймақтағы 442 мектепте 230 мыңға жуық бала білім алуда. Олардың 84 пайызы білім алуға дайын. Қалған 16 пайыз үшін қашықтан оқыту мүмкіндігін қамтамасыз ету жайы маңызды болып отыр. Өңірдегі 37200 оқушыда компьютер, планшет, смартфон жоқ. Бұл мәселені шешу үшін мектеп балансындағы компьютерлер аталған санаттарға жататын отбасылардағы он екі мың оқушыға уақытша бөлінген. Бұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен тағы 2 мың компьютер сатып алынған. Сондай-ақ, облыстағы 18 мыңға жуық бала «Балапан», «Ел арна» және «Qazaq radiosy» арқылы трансляцияланатын сабақтарға қатысуы жоспарланған.