Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Назарбаев орталығы әлемнің және Қазақстанның киелі жерлері бойынша виртуалды тур ұсынды

Назарбаев орталығы әлемнің және Қазақстанның киелі жерлері бойынша виртуалды тур ұсынды

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы әлемнің және Қазақстанның киелі жерлері бойынша виртуалды тур ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Дүниежүзіне таралып отырған індет жағдайында халық оқшауланып, сақтық үшін карантин талаптарын сақтауға мәжбүрлі. Дегенмен, бұл жағдайды пайдалы әрі рухани тұрғыдан біліміңізді кеңейту үшін пайдалануға шақырамыз. Осы ретте, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы мәдениеттер мен діндердің өркениеттік бай мұрасы мен тарихын көрсету мақсатында «Әлемдік және дәстүрлі діндердің киелі әрі қасиетті жерлерінің виртуалды турларын» жинақтап, оқырман назарына ұсынады», - деп атап өтеді аталған орталықтың баспасөз қызметінен.

ЗD форматындағы Киелі жерлердің турлары арқылы әлемдік және дәстүрлі діндердің тарихи ескерткіштерімен, оның ішінде ислам дінінің киелі мекені – Меккедегі Қағбамен, Иерусалимдегі – Акшардхам храмымен, Бодхая буддалық қасиетті орталықпен, Синтоистік Ицукусимамен танысуға мүмкіндік бар.

Қазақстанда әйгілі «Әзірет Сұлтан» мұражай кешенінің де виртуалды көрінісін тамашалауға болады. Оның ішінде Қожа Ахмет Ясауи, Рабиға Бегім Сұлтан, Есім Хан, Гаухар Ана мазарлары мен Қылует жер асты мешітінің көрінісі ұсынылған. «Сондықтан, еліміздің қай аймағында болмасын барлық қызығушылық танытушы оқырмандар діни және мәдени ескерткіштердің бай мұрасымен танысып, рухани кемелденуге қадам жасай алады.

Ұсынылған виртуалды турлармен Орталығымыздың ресми әлеуметтік желілерінен танысуға болады» делінген таратылған ақпаратта.