Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Еркін Дүсіпов: Елбасы жолдауы халқымыздың ынтымағын одан әрі нығайтады

Еркін Дүсіпов: Елбасы жолдауы халқымыздың ынтымағын одан әрі нығайтады

"Кеше Н.Ә.Назарбаев республикалық басылымдарда жолдау жариялады. Бұны біз Елбасы тарапынан қиын-қыстау кезеңде халқына, еліне танытқан зор ықыласы, ілтипаты деп білеміз! Мемлекетіміз жүргізіп отырған оңтайлы саясат нәтижесі көптеген жетістіктерге жетелейтінін баса мәлімдеген Елбасы, халқымызға төнген бұл індетті де бірігіп жеңе алатынымызды баса айтты.

Бүгінгі күндегі негізгі мақсат, ол әрине, ең алдымен, індетке қарсы жұмысты күшейту, оның зардабын мейлінше жою, экономиканың даму бағытын мейлінше сақтап, тұрақтандыру. Қазақ елі бұдан да ауыр кезеңдерді басынан өткергеніне тоқталған Елбасы, әсіресе, 90-жылдардағы, қиын-қыстау заман уақытын да негізге алды. Сондықтан мұндай жағдайда барынша сабырлық көрсетіп, байсалдылық танытқан жөн!

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен үкімет тарапынан іске асырылып отырған шұғыл шараларды қолдауға шақырды. Елге төнген қатерді барлығымыз бірігіп қана жеңе алатынымызға үлкен сеніммен қараған Елбасы, бизнес саласынының азаматтарын қолдау қажет екендігін атап өтті. Қазіргі таңда індет өршіп тұрған кезеңде бұл саланың мұқтаж жандарға көмек көрсетіп жатқандығына зор ықыласпен қарау керек. Сол себепті бұл істі әрі қарай дамыту керек екендігін естен шығармаған абзал! Барлығымыз осы үндеуде көрсетілген іс-шараларды атқаруға бірігіп кірісер болсақ, бұл қатерді жеңе алатынымыз сөзсіз! Сондықтан бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын сәт туды деп есептеймін",- деді Еркін Шажаұлы. 

"КЕЛЕЛІ ІСКЕ - КЕМЕЛ КӨЗҚАРАС", демекші, Елбасымыздың жолдауы Академия институттарын, облыс филиалдарын және орталық қызметкерлерін де бей-жай қалдырмады. Еліміздегі орын алған жағдайға қатысты әріптестеріміз де пікірлерін айтып, пайымдарымен бөлісті.