Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар 12:00

Жаңалықтар 12:00

Қазақстанның Ресей мен Беларусьтің одағына кіру жоспары жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Ресеймен және Беларусьпен екіжақты форматта да, интеграциялық бірлестіктер (ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД) аясында да тығыз жұмыс жүргізіп келеді. Ресей мен Беларусь сияқты Одақтас мемлекеттің құрамына қосылу біздің жоспарымызда жоқ. Жоғарыда аталған ұйымдар аясында интеграцияны одан әрі дамыту басым бағытымыз болып қала береді «,— деді сұхбатта Мемлекет басшысы.

***

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасының негізгі мақсатын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, Парламент Мәжілісінде кейбір заңнамалық актілерге ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы таныстырылған болатын. Заң жобасының негізгі мақсаты – бұрын туризм нысандары мен ерекше стратегиялық маңызы бар құрылыстарды (су шаруашылығы құрылысжайлары, Мемлекеттік шекара объектілері, қорғаныс мұқтажы) салу және олардың жұмыс істеуі үшін шығарылған, мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне қайтару болып отыр.

«Бүгін біз өте маңызды заң жобасын қабылдадық. Оны әріптестеріміз – Мәжіліс депутаттары әзірледі. Ол ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін құқықтық реттеудегі кемшіліктерді жояды. Осы заң жобасының арқасында кейбір жерді, оның ішінде мақсатты түрде пайдаланылмай жатқан жерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қатарына қайтару процесін жеңілдетеді. Ол жұмыс өте маңызды. Өздеріңіз білетіндей, ел басшылығы мақсатты түрде пайдаланылмай жатқан жерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін бірнеше мәрте көтерген болатын. Осы заң жобасының нормалары – жеделдетілген форматта осынау маңызды мәселені тезірек шешуге көмектеседі», - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

***

«Қазгидромет» РМК Қазақстанның 7 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

3-4 маусым күндері Атырау облысында ауаның температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі, кей жерлерде күн күркіреп, шаңды дауыл болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін көтеріліп, күн 35-37 градусқа дейін ысиды.

Қызылорда облысында күн қатты ысып, ауа температурасы 47 градусқа дейін көтеріледі, кейбір жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

3-5 маусымда Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Алматы облыстарында 35-38, 40-42 градусқа дейін ыстық болатыны күтілуде.

Ауа температурасының жоғары болуына қарамастан, су қоймаларындағы су әлі жылынған жоқ, сондықтан шомылуға әлі ерте.

***

Қазақстанда өткен тәулікте 225 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Өсім 1,9% құрады.

Аймақтар бойынша:

Батыс Қазақстан облысы - 40 (5,8%)

Алматы қаласы – 39 (1,5%)

Қызылорда облысы - 30 (7,2%)

Нұр-Сұлтан қаласы – 23 (1,0%)

Атырау облысы - 21 (1,9%)

Шымкент қаласы - 21 (2,4%)

Маңғыстау облысы - 17 (5,8%)

Ақтөбе облысы - 14 (4,0%)

Шығыс Қазақстан облысы - 6 (4,2%)

Алматы облысы - 5 (1,3%)

Жамбыл облысы - 5 (1,3%)

Қостанай облысы - 2 (1,1%)

Солтүстік Қазақстан облысы - 2 (3,4%)

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 11796.

***

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласының бірнеше мектеп түлегі көпбалалы анаға баспана кілтін сыйлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаһардағы әр түрлі білім ордасын 2010 жылы тәмамдап шыққан олар алғашқыда 10 жылдық кездесу өткізуді жоспарлаған екен. Ол үшін қомақты қаражат та жиналып, дәстүрлі кеш ұйымдастырмақ болған. Алайда ысырапқа жол бермей, кездесуді басқаша есте қалдыруды жөн санапты. Сөйтіп ізгі ниетпен жарымжан ұлы бар, ұзақ жылдар бойы пәтер жалдап жүрген 5 баланың анасы Гүлмира Ысқақоваға 3 бөлмелі үй сатып әперген. Қазір тағы бір отбасын баспанамен қамтуды жоспарлап отыр. Бастамашыл топ бұл игі шараны өзге де мектеп түлектері жалғап әкетеді деген сенімде.